Сен тұр - мен айтайын!

Әлем картасының ішінде Қазақстан жоқ...

  • Әлем картасының ішінде Қазақстан жоқ...

    Әлем картасының ішінде Қазақстан жоқ...

Биыл бауырым (інім) 6 сыныпқа қадам басты. Біраз бұрын алған оқу құралдарын түгелдеп ертеңгі сабағына дайындалып жатқанбыз. Пеналын, әп-әдемі қарындаштарын, сызғыштарын көрсетіп мәз болып жатты. Бірақ менің көзім пеналдың ішіндегі глобусқа түсті. Сөйтсем, ол глобустың бейнесіндегі #ұштағыш (точилка) екен. Шіркін-ай, біздің кезде, біздің ата-анамыздың кезінде бұндай керемет дүниелер болмады ғой. Сүп-сүйкімді жаратылыс екен деп қолыма ұстап тұрып ішінен Қазақстан деген жазуды іздей бастадым. Сенесіз бе? Әлем картасының ішінде #Қазақстан ЖОҚ. Ал енді жының келе ме, келмей ме? Қазағым еркіндік, тәуелсіздік жайлы айтып, шарқ ұрып азаттық пен әділдік іздеп жүргенде әлем картасынан жоғалып бара жатқанымызды сезбей де жатырмыз. Егер сіз шынымен Ұрпақ үшін алаңдайтын болсаңыз ұл-қызыңыз бен іні-қарындасыңызға туған елі туралы жиі айтыңыз. Бұл какой-то мелочьный дүние емес. Салғырт та қарауға болмайды. Өтірік қазақпын деп кеудені ұра бермей іспен дәлелдеңдер. Ал мен бауырыма мына ұштағышының орнына басқасын алып беремін деп шештім!



Назерке Серікқызы

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 4137    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.09.2019, 12:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31