Сен тұр - мен айтайын!

Әлгі әйелдің өзін емес күйеуін бір боқтап алды сыртынан...

  • Әлгі әйелдің өзін емес күйеуін бір боқтап алды сыртынан...

    Әлгі әйелдің өзін емес күйеуін бір боқтап алды сыртынан...

Ақтөбе мен Қандыағаш арасы тоқсан-ақ шақырым жер ғой. Бірақ тақтайдай тегіс жол жоқ. Екі ортаға қатынайтын жеті адамдық таксилер бір жарым, екі сағатта әрең жетеді. Шоқалақ жолдан селкілдеп ватсаптан келген смске жауап жазу қиын демесең, Қандыағашқа жеткенше интернет 4джи ұрып тұр. Бұл жолы интернетсіз-ақ ортадағы орындықтың ортасында отырған толық әйел іш пыстырған жоқ.

Жүргізуші Ақтөбеден шығып Қандыағашқа қарай аттың басын қалай жіберді, ол да телефоннан ерігіп отырған біреуді тауып алды да аттың басын жіберді ғой.

Құдай-ау, бір үндінің сериалын көріп отырғандай, қайда барғаны, кімнің үйінен шай ішіп, кімнің үйінен ет жегені, тәтті шайда қанша адам болғаны былай тұрсын, сол тәтті шайда болған адамдардың бәрімен біз де танысып алдық қой. Өзінен басқа адам жоқ сияқты айқайлап күліп те алады. Жанында отқан күйеуі мың болғыр, біраз әйелдердің арманындағы, таптырмайтын еркек екен. Бір мыңқ еткен жоқ. Оның орнына арт жақта отырған мен көк желкеден періп жібергім келіп әрең отырмын.

Әрі қарай үйдегі бала-шағаның киген киімі, мектептегі апайымен болған ұрысы туралы жалғасып, күйеуі Аманжолдың күшігі Тайсонға үйшік салып бергені, мысығының ауырып жатқаны туралы айтып жатқанда жетіп келдік қой.

Ертең көшеде кездесіп қалсам мысығының жағдайын сұрайм шығар..

Ең соңынан түсіп жатып басымды шайқасам, шофер да түсініп қалып, әлгі әйелдің өзін емес күйеуін бір боқтап алды сыртынан...


Есет Калманов

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2670    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.09.2019, 12:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31