Сен тұр - мен айтайын!

Әнші болмағаныма жүдә қатты қуандым ғой! Аямайды екен аналарың бар ғой!

  • Әнші болмағаныма жүдә қатты қуандым ғой! Аямайды екен аналарың бар ғой!

    Әнші болмағаныма жүдә қатты қуандым ғой! Аямайды екен аналарың бар ғой!

Өткенде адам қарасы көп жиналатын бір жерге барып, әлгі жерде біреуді күтіп отырып қалдым. Бір үш келіншек тойда өздері көрген әнші әйелдердің әбден шаңын қағып, құлағын шулатты-ау! Сол кезде өзімнің әнші болмағаныма жүдә қатты қуандым ғой! Аямайды екен аналарың бар ғой! Әншілердің киген киімдерінен бастап, мэйкаптарына дейін, қала берді қара "тырнақтарына" дейін айтып, түгін қалдырмады ғой! Қақиған қатпа қара келіншек әлдебір әншіге жыны келетіні жайлы бастады әңгімені. "Үш тойда көрдім. Үш тойға да сол бір қырық жылғы көк көйлегін киіп барды ғой! Ондай көйлекті ешкім кимейді қазір" деді тепсініп. Екінші келіншек "әнебір семіз әнші" "нервісіне" тииетінін тілге тиек етті. "Жұрттың алдына шығатын болған соң адам деген арықтамай ма екен? Түйенің жарты етіндей болып ол кімге қызық? Екі ....екі шелектей ғып..." десе, беті майланған бидайдай қызыл шырайлы томпағы "Әнебіреуде бар ғой дым ыбкус жоқ! Как всегда пазорный киімдерін киіп жетіп кепті. Бұларда не стилист, пыстылист деген жоқ па?! Ешо аяғы қисық!" деп қойып қалды. "Мәәәәә, мен телебезерден көргеніме мәз боп, "Қандай сұлууу!" деп аузымды ашып, көзімді жұмып жүрсем.. беті быт-шыт екен ғой! Жанында тұрып селпи жасағанда көрдім! Құдоооой оған қарағанда, өзіміздің, әртіс болмасақ та, түріміз нәрмәлні екен ғой!" деп ернін бір сылп еткізді почему та маған өзіне-өзі слишком уверенный көрінген әдемі сылқым келіншек. "Мәәәә әнебір әнші (бір ретро әнші туралы айтып отыр) ұялмай дастархандағыны сыпырып салып алғаны аздай, бір тойбастарды түгел бір өзі көтеріп әкетті ғой" деді тағы бағанағы қатпа қара келіншек. Баяғыда дейім да өзіміз әнші біткенді тек телебезерден немесе сахнадан ғана көретін болған соң біз үшін олардың бәрі сұмдық сұлу жаратылыс иелері болып көрінетін. Әншілердің де ет пен сүйектен жаралған пенде екенін білсек те олардың физикалық тұрғыдағы, бет-ажарына қатысты минустарын көрмейтін едік. Елдің алдында жүретін адамдардың жұрттың бәріне "доступный" болғаны да жаман иә, негізі...

Пы-сы; Сайлау, сайлау дей бермей жұрттың назарын бір сәт басқа бірдемеге аударып көрмек болғам ғой негізі)


Жанар Оразымбет

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2928    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.05.2019, 11:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30