Сен тұр - мен айтайын!

Әр баланың санасына беріп, өз бетінше оқып та өзін өте жақсы жетілдіруге болады

  • Әр баланың санасына беріп, өз бетінше оқып та өзін өте жақсы жетілдіруге болады

    Әр баланың санасына беріп, өз бетінше оқып та өзін өте жақсы жетілдіруге болады

Қашықтан оқу, қашықтан істеу заңмен бекітіледі екен. "Ойбай, онлайн оқыса бала шаласауат боп қалады", - деп қорықпау керек. Оқитын бала үйде де жап-жақсы оқып, білім жияды.
80-ші, 90-шы жылдардың басында орта білім алған біздің кезімізде, алғашқы қоңыраудан сәл кейін үйде оқымақ тұрмақ, қақаған қарашаның қарасуығына дейін оқушыларды жаппай кеңшардың жиын-терім жұмысына салып, 2-3 ай оқуды жабатын. Ол кезде, түнде (өйткені, күнұзақ жұмыстамыз) үйде күнделікті сабақтың кестелік жобасы бойынша өздігінен оқу да қайдан бола берсін?.. Кеңестік жүйенің салым-жобасын толтыруды ғана ойлау, әр адамның (баланың, ұстаздың, мектеп ұжымы, округтік бригаданың, кеңшардың, ауданның, республиканың) негізгі мақсатына айналатын.
...Көп болса, қол қалт еткенде, көркем әдеби шығармалық кітаптар, ата-анамыз жаздырып алатын, әрқайсысы бір-бір кітапқа татыр: "Жұлдыз", "Жалын", т.б. журналдар мен республикалық көптеген басылымдарды оқып, әрине, арасында оқулық кітаптарды да өз бетімізше ақтарып, қысқасы, жап-жақсы білім алып, үздік оқып-бітіріп, жоғары оқу орнына өз күшімізбен түскенбіз... Ауылдың түкпірі, екі-үш елдің шектесер шегара өтінде тұрсақ та, көштен қалып, білімсіз, сауатсыз қалып, естен таңған ештеңеміз жоқ.
Студенттерде де сондай, Алматы маңайындағы елдімекендерге жіберіліп, қызанақ, жүзімдік не темекі, т.б. теруге жегілетін.
Әрине, әлемнің озық отыз елінің қатарында, өркениетке іліккен (әлде, талпынған) мемлекетпіз деген атымызға қарай ғана демесек, жегіліп оқу деген де қазіргі таңда басты шарт емес. Әр баланың санасына беріп, өз бетінше оқып та өзін өте жақсы жетілдіруге болады.
Сондықтан, қазіргі жағдайда, Білім беру саласын көп мінеп-сынай беру де жөн емес. Ата-аналар үйде онлайн оқудың да өз пайдалы жақтары барын ұғынып, бар үмітті баласына артқаны абзалырақ...

Ақ-Зия Жайлы
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 869    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.10.2020, 10:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі
    30 Қазан, 08:53
    АНАМ КІМГЕ КЕРЕК?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30