Сен тұр - мен айтайын!

Араңдатуға еріп кететін xалық екеніміз де өтірік емес

  • Араңдатуға еріп кететін xалық екеніміз де өтірік емес

    Араңдатуға еріп кететін xалық екеніміз де өтірік емес

КӨТЕРЕ АЛМАЙМЫЗ ...


​Әлеуметтік желіден Әлнұр Ильяшевтің Алматы қаласы әкімдігінен бейбіт митинг өткізуге рұқсат алғаны жөніндегі хабарламасын көзім шалып қалды. Оның сөзіне қарағанда, бейбіт жиын 2019 жылдың 30 маусымында сағат 10.00 мен 12.00 аралағында «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы саябақта өткізілмек.


​Ол жазбасында «Енді бұл жиынды дұрыстап ұйымдастырып, жақсылап өткізейік» дейді. Хош, бірақ бұл жиынға кім жиналмақ, қандай мәселе көтерілмек, не талқыланбақ? Бұл жағы беймәлім.


​Жарайды, белгіленген жерге халық жиналды делік. Сонда пиғылы жаман арандатушылар шығып, елді дүрліктірмесіне кім кепіл? Мұндай жағдайдың кім алдын алады? Оған кім жауап береді? Әлде тағы Байбекті жамандаймыз ба?


​Меніңше, жұрттың тағдырымен, сенімімен былай ойнауға болмайды. Әрине көпшіліктің уәж айтып, өз ойларын айтқысы келгені құптарлық құбылыс. Конституция бойынша да құқығымыз бар. Бірак араңдатуға еріп кететін xалық екеніміз де өтірік емес. Оған қоса жиын мен митингте ауыздан шыққан әрбір сөзге, әрбір іске жауап беру керек екенін де ұмытпаған жөн.


Егер барлық жиын бейбіт өтсе - ризамын. Бірақ араңдатушылар болса, онда оларды полициядан бұрын, митингке шын жүрегімен келгендер жиыннан қуу керек деп ойлаймын. Митингты көтере алсақ - жасайық. Бірақ соны көтере аламыз ба?


Samat Nordman Nurtaza

Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 922    Пікірлер: 0

сенбі, 29.06.2019, 20:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31