Сен тұр - мен айтайын!

Әркімнен естігенін айтып өзіне ұпай жинап отырғанын көргенде, амалсыз жиіркенесің

  • Әркімнен естігенін айтып өзіне ұпай жинап отырғанын көргенде, амалсыз жиіркенесің

    Әркімнен естігенін айтып өзіне ұпай жинап отырғанын көргенде, амалсыз жиіркенесің

Кеше түнде Саят ағаммен сөйлесіп отырып, мына әңгімесіне амалсыз бас шайқадым.

- Жетісу арнасына сұхбат беріп едім, бірнәрсе айтуды ұмытып кетіппін. Кей жақсының өлімінің өзі, тірілерге тамақ болып болып тұр деп айтуым керек еді. Бірақ, айтпағаным да дұрыс болды, жау көбейтіп алатын едім,- дейді. Шындығында ойланатын мәселе. Бейсен ағам қайтқалы кім курстас, кім сыныптас, кім рухтас екенін біліп отырмыз. Оразалы ұстазым қайтыс болған соң достары өте көп болып кетті. Есенқұл ағам қайтыс болған соң да осы үрдіс жалғасты. Сонда қадірін біліп қастерлеп жүру үшін, жақсының барлығы өлуі керек пе? Ал, мақұл өлді делік. Біз өлгенге де тыныштық беріп жатқан жоқпыз ғой. Аты шықпай жүрген әншілер, беймәлім продюссерлер мен сайттар инстаграмда ауруақтың арқасында лайк пен подписчик жинап жүреді. Неге? Тіршілікте бүйтіп еді, сүйтіп еді деп, әлеуметтік желіде сайрап отырамыз. Біздің бұ дүниеден қайтқан адамға құрметіміз осы ма? Тірісінде сыйлас болған жақын адамы жазса тұшынып оқимыз. Тірлікте есепсіз сыйласып, ессіз жақсы көрген адамның естелігі де ерекше әсер қалдырады. Ал, осы ағаларымды танымайтын жанбақылар бөсіп отырса ішің ашиды. Әркімнен және әр жерден естігенін айтып өзіне ұпай жинап отырғанын көргенде, амалсыз жиіркенесің. Жалпы құрметі бөлек ағалардың құнды дүниелерін қалай болса солай пайдаланбайықшы. Мен осы Саят ағаммен әңгімелескен сайын бір ой туады. Кейбірі жазылмай қалып жүр. Бүгінгі ойтолғам ғой. Керегін аларсыз.


Ернат Ысқақ
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1153    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.06.2020, 15:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі
    30 Қазан, 08:53
    АНАМ КІМГЕ КЕРЕК?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30