Сен тұр - мен айтайын!

Әй, интернет-ай, интернет! Біреуді өсірсең, екіншіні өшірдің-ау!

  • Әй, интернет-ай, интернет! Біреуді өсірсең, екіншіні өшірдің-ау!

    Әй, интернет-ай, интернет! Біреуді өсірсең, екіншіні өшірдің-ау!

ИНТЕРНЕТТІҢ ҚЫЗЫҒЫН ИТ БІЛЕ МЕ?

Әзіл әңгіме ғой

«Құрметті халайық, «Көпке көмек» фирмасы Сізді облысқа немесе республика ғана емес әлемге танымал қылады! Жарнамамен жарқыратамыз! Олай болса тек алғашқы жарна – жүз мың теңге төлесеңіз болды, дүйім жұрт Сізді танитын болады. «Қалай?» дейсіз бе? Жолы оңай, ол бізге ғана белгілі. Сіз жүрген жолмен ғана жүргісі келетіндер саны көбейіп, пір тұтатын болады! Асығыңыз! Қапы қалмаңыз!», – деген жарнама әлеуметтік желіде желдей есті.
«Пішту, – деп жазды фейсбуктегі парақшасына Қораш, – Керек еді сендік жарнама, онсызда да ел мені таниды». «Тағы бір алдаушы шықты. Аферист, саған кім сенеді? Ақшаны алып қақшиясын ғой шет елге. Жүрейік сосын артыннан шам алып іздеп», – деді желі қолданушысы Айбын деген азамат.

Көпті көріп, үлкен жасқа келмесе де фейсбук, инстаграмның жұлдызы болып алған Күлпаш: «Әй, осы сендерге сенуден қалдық...» деп алып, ұзын-сонар жазбасында мынадай сөздерді қалдырды: «Оралда 27 тұрғынды тақырға отырғызып кеткен алаяқтар «7-20-25» бағдарламасы арқылы кезексіз үй алып беремін деп азаматтардың ақшасын иемденіп кеткен. Аперистерге 75 мыңнан бастап 1 млн теңгеге дейін ақшасын ұстатып жіберген. Сұмдық! Алаяқтар қазақстандықтарды Чехияға, Кореяға заңсыз жұмысқа орналастырып жатыр. Қазақстанның кейбір азаматтары «шетелде жоғары жалақы беретін жұмыс тауып беремін» деген халықаралық деңгейдегі алаяқтардың құрбаны болып жатыр. Осындай ұсыныстарға сенген қазақстандықтар Ұлыбританияда жұмысқа тұру үшін қомақты сомада қаражат аударған. Бірақ соңында олар жұмыссыз қалған. Алаяқтардың осы әрекеттерінен шамамен 20 адам зардап шеккен. Сендер де сондайсындар. Біз сенбейміз!».
«Көпке көмек» фирмасының жарнамасы хайп болды. Ватсап арқылы үйді-үйге тарады.
Ай өтпей жатып әлемге таңылғандар саны артып шыға келді.
Міне қызық, Қорашты білмей жүр екенбіз, сөйтсек ол атағы жер жарған, әлемді дүрліктірген, бұрынғы замандарда айтылмай қалған, тек кейін ғана тарих қойнауынан «аршып» алынған Бораш батырдың он тоғызыншы ұрпағы екен. Сол кезде салынған Бораш батырдың суреті де табылған! Қораш болса бабасынан аумай қалыпты-ау.
Еліміздің ақындары өлен-жыр, одаларын Қораш пен Борашқа арнай бастады. Ескерткіш орнатамыз деп құлшыныс білдіріп те жатқандар жетерлік!
Ал Айбын болса белгілі Дәубай бақсының қасиетін бойына қондырған болып шықты. Жер-жерден ауырғандар ағылып жатыр, жар салған жарнама арқасында атақты емші болып алған Айбынның ауылына.
Күлпаш та құр қалмады. Ол қазір әлем таныған әнші. Тек фонаграммамен айтатыны болмаса.
Әй, интернет-ай, интернет! Біреуді өсірсең, екіншіні өшірдің-ау!

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 941    Пікірлер: 0

жұма, 06.12.2019, 12:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 09:57
    Сүю деген не өзі?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31