Сен тұр - мен айтайын!

Әйел ауырса еркегі оған сенбейді, екі рет теуіп тексеріп көретініне күмəнім жоқ

  • Әйел ауырса еркегі оған сенбейді, екі рет теуіп тексеріп көретініне күмəнім жоқ

    Әйел ауырса еркегі оған сенбейді, екі рет теуіп тексеріп көретініне күмəнім жоқ

Күндікке жүріп шаршағаным бар, үйге əрең дегенде жетіп жығылдым. Орнымнан тұра алмай екі бүктеліп, тіпті тыныс алуым нашарлап кетті. Бəрі сол шала-шарпы тамақтанғанның кесірі. Залалы міне 30-ға келгенде омақаса құлатты.

Отағасы уайымдап, бəйек болып жүгіріп жүр. Бұрын-соңды мұндай түрімді көрмеген ол қорқып қалды білем дереу телефонға жармасып, жедел жəрдем шақырды.

-Қазір 5 минутта жетеді.

Шыдашы.

Сəл шыда!

Саған баяғыдан емдел деп қақсап келе жатырмын. Өзіңнен де бар.

Ұрсып қояды арасында. Көзімді əлсін ашып қарасам үй шашылыңқырап қалыпты. Балалар майда болған соң осы. Бір күнде жүз рет жинап шығасың. Бар ауруымды ұмытып, орнымнан атып тұрдым. Жүгіріп барып сыпырқыға жабыстым.

Ылдым-жылдым қимылдап, айналдырған 3 минуттың ішінде үйді жинап тастадым. Күйеу аң-таң.

--Əй сен ауырып жатыр едің ғой. Əлде өтірік ауырып жатсың ба?

Қисалаңдап барып орныма қайта отыра кеттім.

---Шашылып жатқанымыз ұятты. Таза тұрсын. Сырттан келген адам бəрібір сынап кіреді.

Сол уақытта ақ халаттылар кіріп келді.

Ары-бері тексеріп көріп, уколын салып жөніне кетті.

Ол кетісімен мен де орнымнан тұрып, күнделікті тірлігімді істедім.

Ауырып жатуға болмайды. Әйелдер ауырса, еркегі оған өлсе де сенбейді. Өліп кетсең де, екі рет теуіп тексеріп көретініне еш күмəнім жоқ.

Еркекті маса шағып алса, жылан шағып алғандай еркелеп кететіні бар. Бəрі олай емес шығар. Жоқ бəрі солай. Олар əтшу деп түшкіріп қалса, біз əйелдер соған сеніп қаламыз.

Бітті!

Еркегің саған еркелеп, ана əлемге мың барып келеді.

Ал əйелдерге ауыруға ешқашан рұқсат жоқ. Жақпай қаласың.

Жақтырмай қалады. Нақақтан-нақақ "Аферист" деген атқа қаласың.

Ауырмаңдар! 


Салтанат Абылбекова


Фейсбуктегі парақшасынан




 


 




Көрілген: 1362    Пікірлер: 0

жұма, 26.04.2019, 11:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар
    4 Мамыр, 10:49
    Қалжа ма, гүл ме?
    29 Сәуір, 11:02
    ТҰҚЫМЫ БӨЛЕК БӘЙГЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31