Әйел жүрек отбасын сақтау үшін бәріне төзеді
Мынаны қаламға түрткісі келгенге рұқсат. Тонның ішкі бауындай болмасақ та, көп жылдан бергі сыйласым ойламаған жерден телефон шалды. Хабарласпай кеткенімізге біраз болған еді. Сұхтатымды телевизордан көрген екен, есіне түсіп кетіппін."Соғысты жаза бермей, арасында бізді де жазып қой?"- дейд. Қызығы, күйеуі малтабар бірақ, түрі келіскен келіншекке тоқтай алмай қалатыны бар ) Қысқасы, бір жесір келіншекпен бірәз жылдан бері көңілжақын екенін танысым біледі. Бірде, тойға қатар барып қалдық. Бізге қарсы столда әлігі келіншекті көргенде, автоматты түрде танысыма қарағанымды байқамай қалайын.) "Сәке, көріп отырм. Қоя бер, за то, біздікі қасымнан тырп етпей отырады"-десін?) Шынында тап солай болды )) Екеуміз оңашаланып қалғанда:"Біздікін тізгіндеу қиын. Анаусымен сөйлесіп тұрам. Әржаққа шашылмай, бір жерде болғаны дұрыс. Ақыртүбі өзіммен қалатынын білем ғой? Балдардың басы бар, ажырасқанда қайтем? Қайта, құлағым тыныш"-деді. Шынымды айтсам, аядым. Бағана сөзден-сөз шығып, күйеуінің келіншекті ауыстырып жібергенін жәйбарақат айтты. Онысы танысыма жылап-еңіреп звондапты. Сөйтсе не айтқан дейсіз ғой?)) "Босқа жылағанша ол әйелмен тілтабыс, қажет болса достас"- деп ақыл беріпті. Нәтижеде: "Біріншісі арқылы - екіншінің хабарын біліп отырмын"-деп сылқ-сылқ күледі?! Әрине, парасаты бар болған соң көніккен түрі ғой. Десе де, ішінде мысық тырмалап, жүрегі қанжылайтын-ақ шығар. Әйел жүрек отбасын сақтау үшін бәріне төзеді ә?.. Біреуді жеке тағдыр үшін кінәлау - ақымақтық. Тағдырын қабылдау оңайға түспегені айтпаса да түсінікті.
Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан