Сен тұр - мен айтайын!

Бала бойындағы ҰЯТ пен НАМЫСТЫ өлтіріп жатқаның ойыңа келе ме

  • Бала бойындағы ҰЯТ пен НАМЫСТЫ өлтіріп жатқаның ойыңа келе ме

    Бала бойындағы ҰЯТ пен НАМЫСТЫ өлтіріп жатқаның ойыңа келе ме

Қазақ пен мейірім егіз. Қазақ пен адамгершілік - тұтас ұғым.

 

Құдай қазақтың бір-біріне жанашыр болуына ерекше &ldquoмән берген&rdquo, солай жаратқан.

 

&ldquoАсар&rdquo, &ldquoүме&rdquo деген түсінік, тек қазақта бар. Байдың өзі қанша сараң болса да, ауылының кедейіне тышқақ лағын беріп қарайласқан.

 

Қазіргі жанашырлық басқа. Бергенін көрсетеді, апарған азығын таратып жатқанын түсіріп әлеуметтік желіге салады.

 

Кедейдің көгенкөз баласының кәмпит пен ойыншыққа қол созғанын әлеуметтік желіге жүктерде, өзіңнің мақтаншақтығыңды алға шығарарда бала бойындағы ҰЯТ пен НАМЫСТЫ өлтіріп жатқаның ойыңа келе ме?

 

Өз ауылдасың, кластасыңның баласы, руласың, туысыңның бала-шағасы болса да суретін жариялап, айдай әлемге видеосын көрсетесің бе?

 

Бүгінгінің кедейінде де ұят жоқ, ар мазаламайды, намыстан жұрдай. Бере берсе, ала берсем дейді. Оған ұлтының намысы мен ұяты керек емес, қарны тойғанға, оңай жолмен олжа тапқанға мәз.

 

Бір күнде 100 мың теңгеге азық алып бір-екі килолап үйді-үйге тарату - кедейлікпен күресудің де жолы емес, қайырымдылыққа да жатпайтын далбаса тірлік. Екі дорба азық ертесінде бітеді, сосын?

 

Атыңды шығарғың кеп, Атымтай Жомарт атанбаққа құмар болсаң, ең болмаса, ай сайын сойып жеп жатқан қойыңның терісін өңдейтін цех ашып бер, әлгі кедейді жұмыспен қамты.

 

Ол қолыңнан келмесе, несіне арамтамақты көбейтуге атсалысып, несіне ақшаңның бар екенін көрсетіп шіренесің?

 

Мейірім таныту қазақтың қанында бар, оны саудаға салудың қажеті не?

 

Мен үшін екеуінің айырмашылығы жоқ. Бірі - аш, бірі - рухани кедей.

 

Бұл - менің өз ойым.

 

 

 

Айгүл Болатханқызы

Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 1281    Пікірлер: 0

сенбі, 09.01.2021, 10:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31