Балаға шектен тыс қамқор болу пайда емес, керісінше зиян

Балаға шектен тыс қамқор болу пайда емес, керісінше зиян

"Балаңды аясаң, аяма" - қазақ қалай тауып айтқан, иә? Ғылымда мұны гиперопека деп атайды. Балаға шектен тыс қамқор болу пайда емес, керісінше зиян.

   

Алайда ондай ата-аналар "балама зиян келтіріп жатырмын" деп ойламайды, керісінше "менің көрген қиындығымды балам көрмесін", "балам еш нәрсеге мұқтаж болмасын" деп істейді. Сөйтеді де оның бар мәселесін өзі шешіп, баланың үйренуіне мүмкіндік қалдырмайды.

 

Мысалы қазір сабақты бала емес, ата-ана оқитын боп кетті. Қашан көрсең, "мына есепті шығаруға көмектесіңіздерші" немесе "мынадай тақырыпқа шығарма жазу керек" деген өтінішпен бір-біріне хабарласып жатқан бір ата-ананы көреміз. Жарайды, онымен бала ертең 5 алды дейік, бірақ одан ол бір нәрсе үйрене ме? Бізге әке-шешеміз сабақ оқысты ма, лично өзіме   ешқашан ешкім көмектескен емес. Есесіне мұғалімнен ұғып алуға тырысатынбыз және үйге келе сала бәрі мида сайрап тұрғанда тез үй тапсырмасын орындап тастайтынбыз. Демек, әке-шешеміз бізге дұрыс тәрбие берді. Біз самостоятельный боп өстік.

  

Ал енді өзіміз қандай ата-анамыз? Мойындайықшы, көбіміз шектен тыс қамқормыз. Қазір баласын жұмсайтын ата-ана аз. "Ол шаршап келді, сабағын оқысын, дем алсын" дейміз. Әрине, баланың жүйкесін ойлаған дұрыс, бірақ оның соңы жалқаулыққа апармауы тиіс. Егер ондай боп өссе, кінәлі өзіміз. Себебі оның арқалап үйренуі тиіс жауапкершілікті өзіміз артып алдық. Солайша бала тағдырдың тауқыметіне қарсы тұра алмайтын рухани мүгедекке айналады.

  

Негізі мұның түп-тамыры тоқшылықтан шығады екен. Халықтың жағдайы жақсарған сайын, осындай шектен тыс қамқорлықтың құрбандары көбейе беретінге ұқсайды. Былайша айтқанда, қатты жақсы көрудің жөні осы екен деп, баланы құшағымызға қысып, тұншықтырудың қажеті жоқ... #Балалықтанданалыққа кітабынан түйген ой.

 

 

Мариям Әбсаттар

ФБ парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста