Сен тұр - мен айтайын!

Баланы әкімшілік үшін емес - өзім үшін тудым ғой...

  • Баланы әкімшілік үшін емес - өзім үшін тудым ғой...

    Баланы әкімшілік үшін емес - өзім үшін тудым ғой...

Желіде бір топ қатынның шулап жатқан видеосын көргенде, түк те жаным ашыған жоқ! Бұрындары жаным ашып, күйінетінмін.  Осында аттандата пікір жазып, Үкіметті сыбайтынмын.

 

Жақында, олардың ермекке шу көтеретінін арасында жүретін әйелден естіген бір танысым айтқанда, арсыздықтарына төбешашым - тік тұрды?!

 

Арсыздықтың көкесі соларда екен?! Бәрін сыпыра айтуға болмас, бірақ, басым көбі "қорқытумен қолжеткізіп" жүргендер екенін білгелі, аз пайыз болса да, сол қатындардан тәрбие алған ұрпағы қандай болмақ деп ойланам.

 

Өзім білетін тұрмысы өте төмен бірнеше әйелдерді білем. Айтқаным үшін Құдай өзі кешірсін, көбіне киілмей қалған киім-кешекті, садақаға бөлген тиын-тебенді беретінім бар. Бірақ, біреуі де сол забастовкаңа бармайды. Еден жуып, нан пісіріп сатып, адал термен баласын бағып жүрген нағыз әйелдер! Бірде, біреуінен "әкімшіліктен неге сұрамайсыз, анау әйелдер забастовкаға шығып алады екен ғой?"- дегеніме, -"Апай, баланы әкімшілік үшін емес - өзім үшін тудым ғой, несіне барам?"- дегенде, риза болдым!

 

Мыналардың арасында шын мұқтажы болса жақсы-ау, бірақ, жақында автобуста келе жатып артжағымнан: "забастовкаға дайындалып жатсыңдар ма? Астанадағы қыздар келейін деп жатыр. Иә, наурызда той бар еді, соған әкімшіліктен ақша алу керек боп тұр. Е, өткендегі ақшаны уже құрттық қой?"- деп, тырбаңдап жұмыстан тапқан тиын-тебенге шүкір деп жүрген менде жоқ қымбат стеганканы киінген, мәз боп келе жатқан жас әйелдің телефонмен әңгімесін естігенде?..

 

Баламаға айтарға да сөзім жоқ?! 

 

Демек, біздің жанымызды ашытып, күйіндіріп жүргендерің забастовканы ермекке айналдырғаны, жан қинамай тойдың ақшасын жинап алатын болғаны ғой?!

 

Әйел азса - қоғамның тынғаны!..

 

 

 

Сая Қасымбек

Фейсбуктегі параұшасынан




Көрілген: 1563    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.01.2021, 08:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31