Сен тұр - мен айтайын!

«Балғынбек пен Нұрболхан ЛГБТ өкілдері секілді қазақ қоғамына қауіпті» - қоғам белсендісі

  • «Балғынбек пен Нұрболхан ЛГБТ өкілдері секілді қазақ қоғамына қауіпті» - қоғам белсендісі

    «Балғынбек пен Нұрболхан ЛГБТ өкілдері секілді қазақ қоғамына қауіпті» - қоғам белсендісі

Егер миллиондаған оқырманы бар Балғынбек, Нұрболхан сияқты азаматтар дәл осындай ойда болса және ол ойларын қоғамдық орында тарататын болса онда мемлекет тұтастығына, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне алаңдауымыз керек.

ЛГБТ өкілдері қазақ қоғамына қаншалықты қауіпті болса, Балғынбек Имашев пен Нұрболхан Шарапов та солар секілді қауіпті.⠀

Жақында әлеуметтік желіге нұротандық айтыскер ақын Балғынбек Имашев вакцина салдырмағандарға пәтер алуға көмектесемін деген челлендж бастаған болатын.⠀

Ал кеше ғана блогер Нұрболхан Шарапов жұма күні карантиндік талаптарға байланысты мешіттің жабық тұрғанына наразы болып билікке үндеу тастаған екен.⠀

«Құрметті үкіметте отырған ағалар! Кішкене логикамен жұмыс істейікші. Дін мемлекетке емес, мемлекет дінге бағынуы тиіс!»⠀

Бұл сөздер экстремистік болып табыла ма, табылмай ма оны тиісті органдар тексере жатар. Алайда, Нұрболхан Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет екенін білмейтін болуы керек.⠀

Құрметті Нұрболхан Шарапов! Қазақстан – зайырлы мемлекет! Мемлекет істері азаматтық заң нормаларымен реттелінеді, бірақ дін істеріне араласпайды. Ал діннің қызметі діни нормалармен реттелінеді, мемлекет жұмысына араласпайды. Дін нормалары азаматтық заң нормаларына қайшы келмеуі керек. Дін саясатпен айналыса алмайды. Конституция бойынша дін мемлекет жұмысына ешбір кедергі келтірмеуі тиіс.⠀

Қазір билік Қазақстан халқына вакцина салдыра алмай әлек. Жалпы халықтық иммунитет орнату үшін ел тұрғындарының 70%-ы вакцилануы тиіс деді министр Цой.⠀

Ия, Балғынбек мырзаныкі дұрыс. Ол өз конституциялық құқығына жүгінді. Ешкімге жеке рұқсатсыз вакцина салуға заң рұқсат бермейді. Бірақ, нұротандық Балғынбек Имашев мемлекеттік аппаратқа қарсы акция ұйымдастыру үстінде. Өзі салмаса салмасын, бірақ өзгелерді үгіттеу, бұл мемлекет саясатына қарсылық болып табылады.⠀

Егер миллиондаған оқырманы бар Балғынбек, Нұрболхан сияқты азаматтар дәл осындай ойда болса және ол ойларын қоғамдық орында тарататын болса онда мемлекет тұтастығына, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне алаңдауымыз керек. Ал егер бұл азаматтар Халифат құруды армандаса, демек Араб мемлекеттеріне көшуі керек шығар.

Алмас Маратұлы, Facebook парақшасынан




Көрілген: 2981    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.08.2021, 17:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31