Сен тұр - мен айтайын!

Басқасы басқа аурухана, емхана, мәйітхананың жаны пайда табатын орын емес

  • Басқасы басқа аурухана, емхана, мәйітхананың жаны пайда табатын орын емес

    Басқасы басқа аурухана, емхана, мәйітхананың жаны пайда табатын орын емес

Дүниенің кеңдігінен не пайда, аяқ киімің тар болған соң...


Сол баяғы Алматының көлік тұрағы туралы...

Адам емханаға, ауруханаға еріккенінен бармайды ғой, иә? Не біреудің қалын сұрап барасың, не болмаса өзің ауырып барасың. Көлік қоятын жер жоқ қой... Үш айналып жүріп бір жерді табасың, ол жер сен баратын жерден үш квартал төмен. Төртінші кварталға жеткенде құрысыншы осы жерге қоя салайын деп қоюға болмайтын жерге қойып кетесің. Басқа амал жоқ. Келсең көлігің ұшты-күйлі жоқ. Көлігіңді айыппұл тұрағына алып кеткен. Өзіме де обал жоқ дейсің. Заңды сыйлау керек қой. Сыйлайын десең қоятын жер жоқ... Салың суға кетіп такси ұстайсың, кінәңді мойындап айыппұлыңды төлеп көлігіңді алып қайтасың. Оны былай қойғанда емхананың дәл алдына ақылы тұрақ жасап қойған ғой. Осынша минут тұрсаң осынша төлейсің деп бақырайтып. Қоятын жер таппаған соң мәйітхананың алдына қойып кетесің. Көңілің біртүрлі болады... Ал, емханаға бір кірсең шығып болмайсың ғой. іштегі кезек аш ішекше созылып жылжымайды. Тіпті болмаған соң "мен кеше талон алғанмын" деп уақытын көрсетесің. Ол уақытыңның өтіп кеткеніне бір жарым сағат болғанда... Есіңнен танып сыртқа шыққанда ақылы жерге көлік қойғаның тарс есіңнен шығып кетеді.

Бес Франция сиятын ұлан-байтақ жерім-ай, екі метрлік көлік қоятын жер таба алмай жүрген жұрт мынау... Басқасы басқа аурухана, емхана, мәйітхананың жанынан көлік қоятын жерді ыңғайластыруға болады.

Ондай жерлер демалыс орны емес, пайда табатын...

Шын айтамын!


Zhanylkhan Mamezhankizi Assylbekova


Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 905    Пікірлер: 0

жұма, 15.03.2019, 08:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар
    4 Мамыр, 10:49
    Қалжа ма, гүл ме?
    29 Сәуір, 11:02
    ТҰҚЫМЫ БӨЛЕК БӘЙГЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31