Сен тұр - мен айтайын!

Байғұс әйел болмаса, мына тіршілік қозғалыссыз қалар ма еді?..

  • Байғұс әйел болмаса, мына тіршілік қозғалыссыз қалар ма еді?..

    Байғұс әйел болмаса, мына тіршілік қозғалыссыз қалар ма еді?..

Бәрі-бір жаздың берекесі мол ғой. Ұйықтап жатқаныңда жұпар исі танауды қытықтаған қауынның исінің өзі неге тұрады?! Биыл, біздің ауылға қауын сататын әйел пайда болды. Ақ машинасының аузы-мұрнын толтырып әкеліп үлкенін 300, кішілеуін 200 теңгеден даналап сатады. Кеше 300 теңгелігінен бірнешеуін алған ем, әбден піссе керек, исі ғажап?! Қалаға, базарға етке барғанымда, машинамен сатып отырған қауынның кіләсі 100 теңге деп отырған. Мына қауынның біреуі жобамен 600 теңгеге барып қалады. Демек, бұл әйелдің даналап арзан сатуы өзіне тиімді болғаны. Маған тағы бір ұнайтыны - машинаны өзі айдайтыны. Өзімнің қолымнан келмейтіндіктен, машина айдайтын әйелдерді жақсы көрем!)) Ұрысқақтығын айтпағанда, түрі де анау айтты көз тоқтатарлық емес. Өткен жазбамда да түрі келіспегенмен малтабар келіншек жайлы жазып ем ғой. Мына әйелдің артықтығы - қырғын ұрысқақ. Қауынды жүз айналдыра тексеретінім үшін маған "өзіңіз кербезденіп алып" деп, ұрсып алады.)) Онысын түк те елемеймін. Ұрыс мәселесінде ешкімнен қалыспаймын ғой, бірақ, мен секілді жүздеген адам қауынын аударып-төңкеріп жүйкесіне тиетінін білем ғой. Үндемеймін. Былқ етпегенім де жүйкесіне тисе керек, кеше "осы сіздің модница боп алып, үндемейтініңізге ризамын" деп қояды. Онысына да үндемедім.)) Білмейм, неге екені түк сөйлегім келмейді. Әлде, бірдеңе ғып тілім ілігіп қала ма деп тайсақтайм ба, әйтеуір, осы әйелге үндемеймін. "Шіліңгір шілдеде шақиған күннің астында тікесінен-тік тұрып, белі айналғанына қарамай сонша қауынды сатқанның қазабаты әйел адамға оңай деймісің" деп, аяғаннан-ау дейм?.. Бір кісіге "бала-шаға баққан кімге жеңіл тиіп жатыр дейсің?" деп үрысқанын естігенде, біртүрлі жаным ашып кетті. Араның да балды ұрғашылары жинайтынын ойласам, күлем... Адам түгілі - табиғатта да тері сорғалап жүргендер ұрғашы жынысы. Еее... Байғұс әйел болмаса, мына тіршілік қозғалыссыз қалар ма еді?.. Тисе берді демеңіздер, ер-азаматтар аман болсын!

Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3302    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.07.2021, 17:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30