Сен тұр - мен айтайын!

Бес рет қажылыққа барып тәубесіне түспеген жанға таңданайын деп тұрып, таңданбадым

  • Бес рет қажылыққа барып тәубесіне түспеген жанға таңданайын деп тұрып, таңданбадым

    Бес рет қажылыққа барып тәубесіне түспеген жанға таңданайын деп тұрып, таңданбадым

Қасиеттінің қадырін кетіре бастадық ә? Құран дастарқанында отырмыз. Бір орын бос тұр. Адам қарасы көбейді. Қоғамда белгілі, бес рет қажылыққа барған қажыны қызмет көрсетіп жүргендер бос орынға ертіп келіп еді, отырғандарды көзімен тез шолып шығып :"басқа жерге отырамын" - деді. Төр бос еместі. Бос орын етек жақта тұрған. Құранға емес, тойға келгендей тәккәппар. Бос столға барып, төріне қасқайып отырды. Апыр-ай, бір емес бес рет қажылыққа барып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) табаны тиген жерді басып келсе де, иманы "қарынбайдан" аспаған, тәубесіне түспеген жанға таңданайын деп тұрып, таңданбадым. Қаракетін қажы деуге қимайсың. Басқаны қайдам, өз басым қажыдан ізет пен мейірім, тәккәппарлықты жеңген кемел парасатты күтем. Қазалы дастарқанда иманын таразыға салған қажыдан, қажылыққа бару ойында жоқ болса да, қызмет көрсетіп жүгіріп жүрген басқа кісінің мұсылмандығын көргенде, "иманды Меккеден емес - өзінен табудың" маңыздылығын тағы бір түйіп қойдым.

Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2647    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.01.2020, 11:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 09:57
    Сүю деген не өзі?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29