Сен тұр - мен айтайын!

Бесіктен шықпай жатып билікке ұмтылғаны, мақтангершілігі таңдандырды

  • Бесіктен шықпай жатып билікке ұмтылғаны, мақтангершілігі таңдандырды

    Бесіктен шықпай жатып билікке ұмтылғаны, мақтангершілігі таңдандырды

Кеше кешкісін жұмыстан қайтып келе жатып әдеттегіше дүкенге соққанбыз. Есіктен ентелей кірген 18-20 жас аралығындағы, шырттай киініп алған (ақ көйлек, кастюм шалбар, сірә үйлену тойына шыққан жолдас жігіттер болса керек) жап-жас жігіт есікке жақын жерде тұрған пиводан екеуін алып кассада тұрған бізге қарамастан алдымызға тұра қалып есептесе бастады, тағы 2-3 пашка темекіні де қостырды. Сол кезде есіктен масаң түрдегі қисая кірген 55-60 жас шамасындағы кісі әлгі жігіттен ақша сұрады. Әрине, не үшін сұрап тұрғаны белгілі ғой. Менің айтпағым да осы тұста... Әлгі жап-жас жігіт "Бермеймін брат. Егер достойно болсаң берер ем, не достойнасың. Сенің жасыңда мен депутат болмаса да бір жерде әкім болып отырамын. Сен болсаң ішііп жүрсің" дегені. Еще "дұрыспа брат" деп күзетте отырған жігітке өз сөзін қостатып алып кете барды. Әкесінен үлкен кісіге "сенсіреп" кеткені былай тұрсын, бесіктен шықпай жатып билікке ұмтылғаны, мақтангершілігі таңдандырғаны сонша көпке дейін осы көрініс көз алдымнан кетпей қойды. Әлде үстіндегі киімі оны биіктетіп жіберді ма, екен? Дәл мына түрімен миында түк болмаса да таныс-тамыр арқылы болса да билікке жақындайтыны көрініп тұр. Өкініштісі де, ертеңгі болашағымыз осындайлардың қолында болатыны... Айтпақшы ол жігіт бұлай сөйлемес бұрын өзінің пиво мен темекі алып тұрғанын да ұмытып кетті-ау деймін.


Назгуль Назарбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 6642    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.08.2019, 12:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31