Бетке айтамын деп, беттен кетесіңдер ғой...
Бір көкем айтады:
Өткенде бір өзбек досыммен бірге үйіне бардық. Досым қызулау еді. Есікті тақылдаттық. Әйелі есікті ашқан бойда досым басын иіп:
- Кешір, бугүн аз-маз йүз грамдатып қойдым - деп еді, әйелі:
- Ой, хожам. Боп турадыку ондай. Үйге кіріңіз. Дем алыңыз - деп жік-жапар болды да қалды.
Содан досым төрге беттеді де, диванға отырып, басы қисайып қорылдап ұйықтап кетті. Сол кезде әйелі күйеуіне қарата жұдырығын түйіп, кіжініп-кіжініп қойды. Оны досым байқап қалды да, бір көзін сығырайтып ашып:
- Не болды-ей? - деп гүж ете қалып еді, әйелі:
- Демала берің, дәдәсі. Демала берің - деп қайтадан иіліп төсек, жайылып жастық болды да қалды - деп кеңк-кеңк күледі.
Бәсеее, неге қазақтың қатындарының ғана көзі көгеріп, көкала қойдай болып жүреді десем. Өздеріңнен де бар, ә, қатындар! Күйеуің ұйықтаған кезде бар өшіңді қабырғадан алып, ішіңнен сөйлеп-сөйлеп алуыңа кім кедергі? Бетке айтамын деп, беттен кетесіңдер ғой...
Ержан Тәліп
Фейсбуктегі парақшасынан