Сен тұр - мен айтайын!

Бизнестің исін білмейтіндер – бизнес тренер!

  • Бизнестің исін білмейтіндер – бизнес тренер!

    Бизнестің исін білмейтіндер – бизнес тренер!

Мұндай заңсыздықты тоқтату керек!
Өткенде инстаграмда қаптаған курстарды көріп осылар не үйретеді екен деп өзіме қызық болып, "ПРОКАЧКА" деген бір курсқа өтініш қалдырдым. Ертесі күні өздері хабарласты. Сыпайы қазақша сөйлеген қызға не үйретесіздер сонда десем сол баяғы түпсана қорқыныштан арылу ата-бабаңнан кешірім сұрау. Қанша десем 120 000 теңге онлайн курс! Кәзір скидкамен 90 000! Бұл курстан кейін сіздің өміріңіз бұрынғыдай болмайды! 100% өзгересіз дейді! 90 мың теңгеге адамның өмірін өзгертеді екен! Мықты мотивация береді екен!
Шынын айтсам әлеуметтік желіде психологиялық курстан көз ашпай жатырмыз! Осы кезге дейін ешқандай аффирмация оқымай ақ ел қатарлы кәсіпкер болдық қой. Психолог еместер психологияны оқытып сөз сапырады! Бизнестің исін білмейтіндер, бизнес тренер! Ол салада тәжірибесі бар ма, жоқ па, ешкім білмейді! Психолог деген жеке адамның мәселесі бойынша медициналық қызмет көрсететін маман! Яғни жатап алған сөзді әр түрлі тағдырымен, әртүрлі мінезді, әртүрлі мүмкіндігі бар адамға жабыстыра беру психология емес! Ол адамның жан дүниесімен, жүйкесінің маманы! Бұндай жұмыспен арнайы медициналық білімі бар мамандар айналысуы қажет! Кейін осындай онлайнкурстарда дини уағыздарды, хадистерді мысалға келтіріп айтып жатады. Ол айтып жатқаны ҚМДБ бекіткен мазхабқа сай нәрсе айтып жатырма? Арнайы діни білімі бар ма? Олардың пәтуа айтуға құқығы бар ма? Кім тексеріп жатыр? Олар қандай идеологияны насихаттап жатыр? Мұның бәрі көз алдымызда болып жатыр!
Олардың тұтынушымен мемлекет алдында міндеттері бар ма? Неге мұндай нәрселер қолға алынбайды? Таңертеңнен кешке дейін мемлекеттік қызметте жүрген дәрігер, мұғалімдер салық төлеп отырғанда неге бұлар мемлекет алдында не үйретіп жатқанына есеп беріп, салық төлемейді? Осы кәсіпкерлерді қоймай жан-жақтан СЭС бір келіп, НАЛОГ, КАССА, ЧЕК, МАСКА КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ДЕП тексеріп жатқанда неге бұларды тексермейді? Тәріптке салмайды? Осы мәселені көтеріп бүгін "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасына, "Қолдау" кәсіпкерлік орталығына, Алматы қаласы акиматына хабарластым ешқандай мемлекеттік орган бұл мәселе бойынша айналыспайды екен.
Не болғанда да, мұндай курстарды заңдастыру керек деп ойлаймын!

facebook.com




Көрілген: 1875    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.10.2021, 22:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Желтоқсан 2021
    Бұлардың қулығы сол
    19 Желтоқсан 2021
    ҚАРЫНДАС ҚАЙДА БАРАСЫҢ?
    15 Желтоқсан 2021
    Қарапайым психология!
    4 Желтоқсан 2021
    Е, алдамшы дүние...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31