Сен тұр - мен айтайын!

Бөпелердің ми-санасын асыра-пафостармен "улаудың" қажеті қанша?!

  • Бөпелердің ми-санасын асыра-пафостармен

    Бөпелердің ми-санасын асыра-пафостармен "улаудың" қажеті қанша?!

"Балапанда" "Ертемір" деген мультик боп жатыр. Албан атты кейіпкер: "Сен мені Абайыңмен қорқытпа, Абай деген кім ол?!" - деп зекиді. Инелік: "Абай, ол -- қазақ халқының ақылы мен ойы", -- дейді. Албанға Инеліктің: "Семей -- қазақ халқының рухани астанасы" дейтін жері де бар. :-) Дұрыс қой, бірақ...

"0+" деген белгісі бар, мульттоптаманың... Астам, өктем -- Албан атты кейіпкер мен Абайдың данышпандығын "құймалап" жеткізу, т.б., яғни, жасқа толмаған бөпелердің ми-санасын асыра-пафостармен "улаудың" қажеті қанша?!

Ал, "Айдар" туралы айтпай-ақ та қояйын: "супер-баланың" оңды-солды трюктерін тамсана көрген сәбилер бірдеңеден секіріп,құлап, жазатайым жазым болмаса екен деп қыпылдап отыратын болдық, қарадан қарап...

..."Түрлі түсті шөжелер", "Майя", "Роботкөлік Пони және оның достары", т.б. секілді шетелдік бірнеше анимациялық шығарылымдар да арнада қатар көрсетіледі. Оларда ешқандай күшену деген атымен жоқ, жәндік жәндікше, көлік көлікше ғана сөйлейді. Бесіктен белі шықпаған балаларға күңіреніп ақылсумен бірдеңе деу жоқ.


Ақ-Зия Жайлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 811    Пікірлер: 0

сенбі, 05.01.2019, 14:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30