Сен тұр - мен айтайын!

Бірден айтам, бәле іздемеңдер жазбамнан

  • Бірден айтам, бәле іздемеңдер жазбамнан

    Бірден айтам, бәле іздемеңдер жазбамнан

ӘЗІЛ-ШЫНЫ АРАЛАС

 

Бірден айтам, бәле іздемеңдер жазбамнан. Қазақы қалжың деген бар, мен үшін ол ширк емес... Сонымен...

 

Жеті түнде бірдеңе айта салайыншы, ана бар ғой, Мұхамеджанды айтам, сол ше, мені банға жіберген ғой... Жібермегенде ше, жынына тие бердім. Бірақ сен жамансың, әкең жаман, шешең де жаман демегем...

 

"Салтты білмесең неге бұрмалайсың, ұлттың дәстүрін насихаттаймын дегенің өтірік, қыздың баласын неге немере дейсің, дұрыс жолда жүрсең неге арнаңдағы қыз-қырқын тұмашаланған, хиджаб біздің ұлттық киім емес, неге тұсаукесердегі ала жіпті қазақи шоудың әдемі элементі дейді бұл, апам мұсылман болу үшін араб болудың қажеті жоғын айтады, сен неге апаммен сұхбат жүргізбейсің" деген сияқты қитұрқы емес сұрақтарыммен жынына тие бергем ғой, содан безіп кетті осы фейсбукте банға тығып.

 

Мейлі ғой, аман болсын. Содан менің инстаграмда бір емес, бақандай екі парақшам бар екені есіме түсіп... Әлгі сұрақтарымды тағы мылжыңдап қоя бердім, бір парақшамнан игнор жасаған соң, екінші парақшамнан да тиісіп кетем ара-тұра...

 

Сөйтсем, одан да безіп кетті, үндеместен зытты. Қайран өзім-ай деп қоям... Соншалықты қорқыныштымын ба екен деп қоям...

 

 Мейлі, өзі білсін, жердің беті дөңгелек, когда-нибудь апаммен бірге жүргенде бір жерден көріп қалсам: "Әй, не көрінді сонша қашып-пысып, өлдің бе сонша?"- деп тиісем ғой.

 

А так, алдағы уақытта қанша жерден бандаса да көрінген таныстың соткасынан кіріп парақшасына пікір жазып кете берем мүмкін еріккенде...

 

Өйткені көзкөрген.  Әзіл де - әзіл. "Бірақ мына өмірде тірі адамнан еще әйелден, и то какой-то бір әлеуметтік желілердегі несчастный парақшадан сонша қашып жүрсің, анда барғанда Мүңкір-Нәңкірден де қашасың ба, қалай қашасың, а?"- деп сұрай салғым келетінін сендерге айта салайын дегем ғой әншейін...

 

 

Айгүл Болатханқызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1100    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.10.2020, 00:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі
    30 Қазан, 08:53
    АНАМ КІМГЕ КЕРЕК?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30