Сен тұр - мен айтайын!

Біреуді көтеру үшін біреуді төмендету - қасіреттің көрінісі...

  • Біреуді көтеру үшін біреуді төмендету - қасіреттің көрінісі...

    Біреуді көтеру үшін біреуді төмендету - қасіреттің көрінісі...

Біреуді көтеру үшін біреуді төмендету - қасіреттің көрінісі. Қазіргі таңда осы ұстаным тілді былай қойғанда қанға сіңіп кеткен сыңайлы... Әуелгі басы - "жұрттың баласынан" басталады да кейінгі шебі мемлекеттік деңгейге дейін өсіп алған.

Қырғыз озды, өзбек мықты қазақтан, манғолдардың малы артты... Сорлысы - қазақ...

Ана сайқымазақ президентке қызықтық, әлгі "гүлденген" елге қызықтық... Сорлысы - біздікі.

Ой, сол нәсілді азаматтармен сөйлессең түтіп жейін деп тұрады - біз мықтымыз деп. Бұл не дерт сонда?

Біреу елін, біреу жерін, біреу басқасын мінекей деп ұсына қоймасы басқа әңгіме, бірақ жөні тік дүниелермен салыстырса етті. Бұрын солардан оздық деп мадақ құрушы ек, қазір қалдық деп қабақ шытамыз. Айналасы, бір-екі жыл ғана өстіп "ұрандап" жүргелі.

Адамда бір намыс деген дүние болушы еді... Әлгінде таксиде келе жатсақ бір өзбек жігіт мінді. Таксист көкем әкетіп барады, ой өзбектер озды, үйтті, бүйтті деп. Қарадай қаның қараяды естіп отырып.

Ұлан атырап жерің бар, ақылы асқан елің бар, атқа мінер ұлың бар, ардан қамал құрған қызың бар. Тәубә. Әлгі көз сол жердің сатылғанын (таза дерексіз ақпар, әлі бір тұтам жер сатылмады шет елге), елдің бүлінгенін (бірақ өзі, және туыстары тап-таза), Ұлдың ұсақталғанын (өз ұлдары, әкесі, аға-жездесі еркектің еркегі енді), Қыздың ардан безгенін (Өзінің қызы пәк, анасы асыл, жары жайлы, жеңгесі мейірбан ұқпайсың кім арынан безгенін. Бетке ұстар Байзақовасы мен әлгі сәукеле кигені бар. болды.) ғана көреді.

Отанды сүю - ұлы өнер. Оның ары мен барымен мақтана алу керек. Бықсыған тұс бәрінде бар. Оны күзейтін де, түзейтін де арнайы мінбер бар. Және ол мінбер - кухня емес. Соткадан шұқып жазған дүниеге ол дүния түзелмейді. Өзгерсе қайда қалды ал?

Мен әр ұлтты, әр этносты сыйлаймын. Тарихына, ақындарына қызығамын. Бірақ мен үшін ҚАЗАҚ-тан асып туған ұлт жоқ. Олар үшін де солай.


Аян Мейраш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 751    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.09.2019, 13:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31