Сен тұр - мен айтайын!

Біреулер қызға барғанын айтып, оны қалай «сындырғанын» ерлік көріп мақтанып отырады

  • Біреулер қызға барғанын айтып, оны қалай «сындырғанын» ерлік көріп мақтанып отырады

    Біреулер қызға барғанын айтып, оны қалай «сындырғанын» ерлік көріп мақтанып отырады

Жасыратыны жоқ, кезінде бәріміз қызға қырындадық. Қасымнан өткен әдемі қыздың артынан қарап тұрып, біраз жерге дейін көзбен шығарып салатынмын. Кейін осының бәрі тәркі тірлік екенін, бос әурешілік екенін түсініп, тәубемізге келдік... Осындай жаман әдетін көрге түскенше тастамай өтетіндер, сақалы ағарса да санасы ағармағандар да бар ғой, сауна жағалап жүрген. Сондай адамдар туралы әңгімем. Әлгі ливандық Қазақстанда біраз жылдан бері тұрып келе жатқан жігіт екен. Суретке түскен кезде, оны қоғам болып талқылап кетеді деп ойламаған. Ондай нәрсені айналасынан күнде көріп жүр ғой. Қазақ жігіттерінің қыздарға, қарындастарына қалай қарайтынын көреді. Тіпті біреулер қалай қызға барғанын жыр қып айтып, оны қалай «сындырғанын» ерлік секілді көріп мақтанып отырады. Түнгі клубтарға барып, көз зинасын жасап қайтамыз. «Не молчи!» деп аталатын қозғалыс құрған Дина Таңсәрі дейтін бір келіншек бар. Соның деректеріндегі қазақ жігіттерінің қанша қыздың көз жасына қалып, қанша қызды зорлағанын естісең, жағаңды ұстайсың! Біз өзіміз қазақ қыздарына бүйтіп тастасам, сүйтіп тастасам ғой деп, нәпсінің көзімен қараймыз. Күнә мен сауап дегенді ұмытып, дінсізденіп, дүбәраланып кеттік. Ойнастық жасайын деп тұрған қыздың біреудің қызы, қарындасы, әпкесі, біреудің болашақтағы анасы екеніне есеп бермейтін болдық. Ертең сосын басқа біреу сенің қызыңа тура сөйтеді... Ана қыз - онсыз да ашуы терісіне сыймай жүрген адамдардың көтеріліп кетуіне жәй ғана желеу болған. Төбелеске түрткі болған қыз емес, әлеуметтік теңсіздік!


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1708    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.07.2019, 09:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 10:28
    Мейрамбек синдромы...
    3 Қыркүйек, 23:07
    Нағыз харами-поза
    2 Қыркүйек, 12:58
    «АНАНЫ ҚАРА, АНАЛИЗ!»
    1 Қыркүйек, 12:33
    Уақыт неткен қатал...
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30