Сен тұр - мен айтайын!

Бұған дейін біз қазір жер бетінде жоқ жоңғармен соғысқанымыздан әрі тереңдей алмай жүр едік

  • Бұған дейін біз қазір жер бетінде жоқ жоңғармен соғысқанымыздан әрі тереңдей алмай жүр едік

    Бұған дейін біз қазір жер бетінде жоқ жоңғармен соғысқанымыздан әрі тереңдей алмай жүр едік

"Томирис" фильмі маған ұнады.Үш ерекшелігі үшін риза болдым.Біріншісі жерімізден бірнеше "Алтын адам" табылған тарихи дәлелденген айғақ фильмнің негізгі діңгегі ретінде алынған.Сақтардың Отаны Қазақ елі екендігі әлемге осы фильм арқылы көрсетіліп тұр.Бұл тарихшыларымызбен археологтарымыздың ерен еңбегінің дүниежүзі жұртшылығына одан сайын кең танылуына мүмкіндік береді. ,,Алтын адам,, ұлттық брэндіміз ретінде әлемге таныла түседі.,,Томирис,, тұлғасы арқылы жер жахан көрермені қазақ тарихын,көне замандарда-ақ алтын балқытқан дала металлургиясын,алып жер аумағын қорғай білген ержүректілігі мен соғыс жүргізу тәсілдерін көре алады. Бұған дейін біз қазір жер бетінде жоқ жоңғармен соғысқанымыздан әрі тереңдей алмай жүр едік. Екінші ерекшелігі, бұл фильмдегі көне тіл түркі халықтарын біріктіре түсетін тағы бір керемет тарихи діңгек.Түркі тілдес халықтардың барлығы бұл тілді түсіне алады. Фильм авторлары біздің ортақ филолог ғалымдарымыздың дәлелдеген көне түркі тіліне қатысты тұжырымын батыл түрде қолданысқа енгізген.Бұл да фильмнің басты жаңалығы. Үшінші ерекшелігі Әбу-Насыр Әл-Фараби бабамыздың жылнамашы ретінде сәтті таңдалып алынуы. Екінші Аристотель атанған шығыс ғұламасының ғылыми дерек-дәйексіз ештеме жазбайтынын фильмді жасаушылар ғажап дәлелдеуші діңгек ретінде пайдаланған.Сондықтан фильм деректерінің ғылыми негіздемелік түпқазығы да мықты. Әрине,кейбір фильмнің ұсақ-түйек жетпей тұрған тұстары жоғарыда атап өткен үш діңгектің көлеңкесінде мүлдем елеусіз болып тұр. Бұл фильмнен кейін Ақан Сатаевқа Аттила,Әбу-Насыр Әл-Фараби, Күлтегін мен Тоныкөк,Жошыхан,Қожа Ахмет Яссауи,Абай,Шәкерім,Алаш арыстары туралы фильмдерді түсіруге шабыты ояна түссе екен деп тілеймін.


Еркін Байғабылұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2090    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.10.2019, 15:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31