Сен тұр - мен айтайын!

"Бұл індеттен әлі көп таяқ жейміз-ау осы біз" - дейді ойшыл досым

  • "Бұл індеттен әлі көп таяқ жейміз-ау осы біз" - дейді ойшыл досым

Мамырдың оны күні осындай пост жазған екенмін. Осы посттың асты толған "жұртты қорқытпай отыр", "осы постыңа қанша ақша төледі", "ешқандай вирус жоқ! " деген мағынадағы комменттерге толып тұр.
Мен ол жерде өзімді боқтаған, даттаған комменттерді өшіргенмін. Соның бәрін қоссақ астындағы жұрттың жартысынан көбі вирусты жоққа шығарып ауызына келгенін көкіген екен.
Кезінде өзім сияқты жұртты сақтыққа шақырған адам көп болды. Бірақ меніңше оларды ешкім тыңдамады.
Басқаның жөні басқамен, мен өз шешемді ауызашарға барудан тия алмадым. Мамыр кезінде ол ауызашарлатып жүрді. Сосын екі апта ауырып жатты.

Көп ұзатпай маусым айында індет басталып кетті. Ол індетке көп уақыт керек жоқ, бір айда опыр топыр қылады. Шес секунт. Оған аңғал халық пен парықсыз үкімет болса болды.
Кезінде сығыр Қытайдың өзі бір қала Уханьдағы індетті баса алмай сасқанынан әлемдік қауымдастықтан көмек сұрады.
Ал Қытай дегеніміз медицинасы озық, экономикасы әлеуетті, бай - қуатты мемлекет қой. Соның өзін короновирус ойбайлатып кетті. Біздің бекшин - секшин біртановтарды қайтсын.
Енді бізде бұның арты не болғанын өздеріңіз көріп отырсыздар.
Өткенде бір досым айтады, "мен жұмыс бабымен Гонконг қаласына, Жапония елдеріне жиі барып тұрамын" дейді. "Бұл елдерде бұрын "атипичная пневмония", тағы басқа вирустар жиі шығып тұрады.
Олар оған үйренген дейді. Ол жақта ел аман жұрт тынышта әуежайға келе салысымен "маска тағыңыз" деп күллі әуежайға маска кигізіп қояды.
Ал ана Жапонияда жиі табиғи апаттар болып тұрады, олар соған шыныққан халық, олардың үкіметтері де парықты, үкімет халқына "маска тағыңдар" деп бұйрық берсе, ертеңінде бәрі бір адамдай маска киіп алады.
Тәртіп деген оларда сұмдық, меніңше вирус індет дегенді тек сондай шыныққан халықтар ғана жеңе алады, ал бізде ондайдың бірі жоқ, әлі көп таяқ жейміз ау осы біз" дейді ойшыл досым.
Айттың деп жазғыратын сөз емес, мені де осы сөз ойлантып тастады.
Мен бұл індетке қатысты біздің биліктің кінәсін жоққа шығарып отырғаным жоқ. Олардың кінәсі орасан, оны өздері де мойындай бастады.
Әйтсе де халқым, біз өзіміз де бір тәртіп, дисциплина, керек болса мәдениет қалыптастырып үйренуіміз керек сияқты.

 

Олжас Әбіл
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 996    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.07.2020, 09:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30