Сен тұр - мен айтайын!

"Бұлар арамтамақ, жатыпішер" деп шулаудың қажеті жоқ

  • "Бұлар арамтамақ, жатыпішер" деп шулаудың қажеті жоқ

Бұндай індеттің нақты аурудан басқа, жанама салдары болады.Ал ол салдары, аурудың өзінен де ауыр болуы ықтимал.
Дүниеде оба, тырысқақ, сүзек, "испанка" ауруларынан кейін, іле- шала аштық басталған.
Осы әлеуметтік індеттің алдын алу жұмыстарын бастау керек.
Бізде, өкінішке орай, ең төмен әлеуметтік қорғалған, өзіміздің, қаракөздер.

Кредитке толы, қалада пәтерді жалдап тұрады, базарда тәшке тасиды немесе жалданып жұмыс істейді.
Олардың қиын өмір жағдайға түскеніне бүгінгі зобалаң кінәлі. Тағыда, әдеттегідей, "ойбай бұлар арамтамақ, жатыпішер" деп шулаудың қажеті жоқ. Дәл сол азаматтардың қатарында өзіміздің қарындастар мен бауырлар бар.
Өзіміздің бауыр етіміз.
Белді буып, көмектесу керек!
Өзін-өзі жұмыспен қамтитын 2,1 млн адам, ресми жұмыссыз 450 мың адам бар.
Міне, осылар мемлекеттің ресми көмектерінен сырт қалуы мүмкін. Өйткені, басым көпшілігі ресми ешқайда тіркелмеген. Олар бар, бірақ, олар жоқ. Осы кісілердің жағдайына сақ болу керек.
Қазірден, барлық облыс орталықтарында бірінші қажетті азық-түліктердің қорын жасап, адамдарға таратудың тетігін дайындап қою маңызды.
Аштық жөнінде белгі, қазірдің өзінде, келіп жатыр.
"Әр-бір қазақ жалғызым" деген қанатты сөз бар. Осы сөзді іс жүзінде дәлелдеуге дайын болуымыз керек.
Билік партиясы 10 күнде халыққа көмектесудің үлгісін көрсетті. Қазақстан бойынша 5 мың адамға азық-түлікпен көмек жасады.
Қарапайым бизнес өкілдері де, азаматтар да, өз кезегінде, аянып қалып жатқан жоқ. Бәрі, қазірдің өзінде, білек сыбанып, жүгіруде
Дұрыс өнеге. Бұл үрдіске ірі бизнес өкілдері де қосылуға дайын болулары керек.
Көптеген облыс аудан әкімшіліктері көмек сұрап келген адамдарды бюрократияға салып, "анда бар, мында бар" деп коридорларға қуып жүр. Ертең, халықтың кәрі атады. Нақты көмек жасау керек.
Жұт ескертіп келмейді, "сақтансаң сақтаймын" дейді."Бетін ары әкетсін" деп тілейік. Дегенмен, сақадай сақ болайық, ағайын!

Erlan Sairov
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1569    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.03.2020, 10:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31