Сен тұр - мен айтайын!

Бұлар да қыздарды маркерге айналдырып тастапты

  • Бұлар да қыздарды маркерге айналдырып тастапты

    Бұлар да қыздарды маркерге айналдырып тастапты

Алматыда түнгі базар қайнап тұр. Жайма базарда адам да көп. Бағдаршамның қызыл түсі жарқ-жұрқ етеді. Аялдамаға асығып барамын. Жасыл түс жанбады. , Арғы бетке өтуге болмайды. Аттам жерде екеу әңгімені құлшынып айтып жатыр. Жасы 38-45 жас шамасында. Біреуі екіншісін ұйып тыңдап тұр.

- Әлі жүрсің бе, ажыраспайсың ба? Бағиланың зың-зың подругаларымен танысып, рахат өмір бастайсың. Неке қидырасың. Анау законный жағына жолама. Проблемасы көп. Ұнамаса, тағы көресің. Мен солай жүрмін. Анау Әділетті білесің бе, ол да үш әйелге үйленіп,бала-шағамен тастап кетті,- деп кеудесін соқты.

Қысқасы, тіс қаққан альфонс жігітті үгіттеп жатыр. Бұлар да қыздарды маркерге айналдырып тастапты. Намыс жоқ. Ұят-ар, ұрпақ өсіру ойында жоқ .

Мұндай әкелер алимент төлемейді. Баласы аш па, тоқ па, бас қатырмайды.

Етегі жасқа толып, бала-шағасымен жоқшылықтан титықтап жүрген қанша әйел осындай өтірікшілерге сенген шығар...Махаббатты кіналаған болар. Өкінішті. Түнгі қалада түрлі тағдырлар тоғысқан. 




Көрілген: 755    Пікірлер: 0

сенбі, 07.03.2020, 10:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30