Біз жақсының жамандығын қазбалаймыз...
Ханбибі апам: "Кешегі сұхбатыңды тыңдадым. Жақсы, салмақты сұхбат"деп звандады. Арасында:"Жақсы адамды, жақсы ойды бағалай білу керек" деді. Біріншіден, бұл кісінің алдында біз баламыз. Сұхбатымда кемшіліктердің бар екеніне қарамастан, бағалап жатқанына, қолдағанына риза боп қалдым. Өткен жолы үйіне іздеп барып, Бауыржан Момышұлы туралы естелігін таспаға басқанбыз. Сол жолы:"Осы біз ақыны бар, жазушысы бар тəкаппарлыққа құмармыз. Жылы сөзімізді, іштегі бағамызды лайықты жерге қимайтын əдетіміз бар" деп еді. Сол сөзі қатты əсер еткен. Бүгін сол сөзін ісімен дəлелдеп, мені ойландырып қойды. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын деген бұрынғы жақсылар. Біз жақсының жамандығын қазбалаймыз. Жаңадан шыққан ғалымды көрмеген, ақынды оқымаған кейіп танытамыз. Кең болсаң, кем болмайсың дегенді айтқан даналардан əулие емеспіз ғой, расында...
Абай Қалшабек
Фейсбуктегі парақшасынан