Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Біз кімбіз өзі, кімдерді тәрбиелегенбіз деп ішім удай ашыды...

02 тамыз 2020, 22:05

Nurmukhamed, сіз менің ойымды дөп бастыңыз, мені де осы нәрсе қатты қынжылтады. Еңбек ету, оның ішінде дәрігер мен мұғалім, ғалымдар сияқты ақша емес, халыққа қызмет ету ғажап іс емес, керісінше күлкілі мазақ іске айналғандай...
"Ой, азаннан кешке дейін отырып, жүз бір нәрсе-ақ мың алғанша, одан да инстаграмда подписчик көбейтіп, сағатына шықырлатып ақша таппаймын ба?!." дегенді талай адамнан естідім. Міне, енді результаты: не дұрыс дәрігер, не бір вирусолог жоқ, халыққа "мынаны іш, мынаны ішпе" деп жөн сілтейтін маман тапшы...
Сірә, бізді өлімші халге жеткізген аурудың өзі емес, осы білімсіздік-ау... Протоколдың өзін дұрыс жасай алмаған соң, басқасы не жорық?! .
Алмас айтпақшы, иә, вайнерлік те еңбек шығар, бірақ оның кімге қандай пайдасы бар, өзінен басқа? Одан біреу ауруынан жазылып кетпейді, не білім алмайды. Мақсаты - халықты бір күлдіру, таңғалдыру. Сол арқылы миллиондап ақша табу, жеке бас пайдасы! Ал, дәл осы пандемия жағдайында мысалы мен өзімнің күлгім де келмейді, көрсем жүрегім айниды вайндарды.
Қап, 30 жылғы Тәуелсіздіктің жеткен жері осы ма, біз кімбіз өзі, кімдерді тәрбиелегенбіз деп ішім удай ашыды.
Кілең клоундар.
Өте дұрыс айтасыз, халық шикізатты сатып, еңбек етпей жатып ішіп, онымен қоймай несиесін төлеп беруін талап ететін наглость дегеннің шегіне шығыпты. Осының бәрі сіз айтпақшы, еңбектің культке айналмағанынан. Керісінше бізде ебін тауып, екі асап, жеңіл жолмен ақша табу ақылдылардың ісіне айналды... Мысалы тендер ұтып, өтірік отчет беріп, стадион салам деп детский площадка салып, қалғанын қалтаға басу деген сияқты... Қала берді, "күйеуіңді бүйтіп ұста, аффирмация жаса" деп көрпе астына үңілгіш психолог ханымға айналу... Бүгінде қшасы көп, халықты соңына ерткен міне солар... Ал сіз бен еңбек дейміз-ау...

 

Mариям Абсаттар
Фейсбуктегі парақшасынан