Сен тұр - мен айтайын!

Біз мына түрімізбен алысқа бармаймыз, қазақтар!

  • Біз мына түрімізбен алысқа бармаймыз, қазақтар!

    Біз мына түрімізбен алысқа бармаймыз, қазақтар!

«Қытай, қытай» деп аттандап жүрген кезде, өз ішімізден шыққан шұбар жыланды байқамай қалыппыз. «Іштен шыққан жау жаман» деп қазақ бекер айтпаған. Қазір елімізде мықты ұйымдасқан, керек кезде Қазақстанды сатып кете салатын бір топ бар, олар – ватниктар. «Ит жоқта шошқа үреді» дегендей, қазір біздегі әскери-патриоттық клубтар мен әскери-спорт залдарының бәрінде орыстың идеологиясын қолдайтын, солардың саясатын жақтайтын сатқындар жұмыс істейді. Қазақстанның Ресеймен «одақтас» екенін пайдаланып, онсыз да орыс тілінде сөйлесетін жастарды олар ресейшіл етіп тәрбиелеп жатыр. Біраз клубтарда Украинада соғысып қайтқан сепаратистер де бар деп естідім. Олар әкімдіктермен, министрліктермен ауыз жаласып жұмыс істейді. Ал бізде оған балама болатын ұлттық идеология жоқ. Идеологтарымыздың өзі де орысша пост жазып, орысша шүлдірлеп жүр. Осындай клубтарды көрсем болды, ішім қарадай ашиды. Ресейдің дайын идеологиясын пайдаланып, солармен жастардың санасын улап жатыр. Биліктегілер осы мәселеге шұғыл назар аударып, бір шара қолданбаса болмайды. «Әскери-патриоттық» деген ат жамылып алып ресейшілдерді даярлап жатқан клубтарды тексеріп, оларға бақылау орнату керек. Оның орнына патриотизмді қазақшалап түсіндіретін клубтарды ашпасақ, біз мына түрімізбен алысқа бармаймыз, қазақтар!


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2829    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.10.2019, 10:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31