Сен тұр - мен айтайын!

Біздің елге коронавирус ұшақпен "салтанатты түрде" кірді...

  • Біздің елге коронавирус  ұшақпен

    Біздің елге коронавирус ұшақпен "салтанатты түрде" кірді...

Коронавирус Нұр-Сұлтан мен Алматымен шектелмей, Қарағандыға жетті.
Өкінішті жағдай.
Тәртіпті, карантинді одан ары күшейту керек.
Одан басқа амал жоқ.

Бұл амалдан бөлек, қазірден бастап, еліміздегі коронавирус эпидемиясының себептерін анықтап, салдарын сараптап, болашақты барлау өзекті.
Пандемия, дүниежүзілік індет дегенмен, әр елдің өз өзгешелігі бар екендігі анық.
Біздің елге коронавирус Қытайдан емес, Европадан келді. Пойызбен, автобуспен емес, ұшақпен "салтанатты түрде" кірді. Әкелген адамдар әлеуеті жоғары, ақшасы көп, ауқатты топ. Бұл факт. Ауқатты топтың халық алдындағы жауапкершілігі төмен, түйсігі әлсіреп кеткен, өздерінің рухани иммунитетінен айрылған.
Соның арқасында, елді ішінен дүрліктіріп отыр. Өкінішті. Өздері, үндемей құтылмақшы. Европада, коронавирус жұққан "төрелер" ағынан жарылып, халыққа өздері жөніндегі ақпаратты ашық және еркін жеткізіп жатыр. Бұл моральдық тұрғыдан дұрыс, өнегелі қадам.
Халық пен билік арасында дұрыс байланыс орнайды. Бізде де осы өнегені қабылдаған дұрыс. Жалпыхалықтық індетті "көппен бірге" көріп, бетпердені ашып, ауыруға шалдыққан азаматтардың сауығып кетуін ашық түрде тілеген дұрыс.
Індетке шалдыққан азаматтардың бет- пердесін ашып, сол, нақты, аты-жөні бар, сұлбасы анық адамдардың сауығып кетуін тілеу мәдениетін енгізу өте өзекті.
Жаңа кезеңдер, жаңа мәдениетті қалыптастыруды талап етеді.
Сол кезде #Бізбергеміздің қабырғасы сөгілмейді.

Erlan Sairov
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 1397    Пікірлер: 0

жұма, 20.03.2020, 10:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30