Сен тұр - мен айтайын!

Біздің қоғам жалған ақпаратқа сенгіш келеді...

  • Біздің қоғам жалған ақпаратқа сенгіш келеді...

    Біздің қоғам жалған ақпаратқа сенгіш келеді...

Осы фейсбук желісіндегі топтарда "коронавирустан мынау емдейді, анау құтқарады" деген ақпараттар өріп жүр. Уатсаптан да келіп жатыр. Күллі әлем ғалымдары бірігіп, таппай жатқан вакцинаны, емді бұлар қалай тауып қойғанын білмедім. Қысқасы былай.

Иранда 480 адам метанол ішіп, о дүниеге аттанды. Ал Түркияда 38 түркімен азаматы спирт ішіп, көз жұмған. Былай қарасақ 500-ден астам адам жалған ақпараттың және өздерінің сауатсыздықтарының кесірінен қаза тапты. Олардың обалы фейк ақпаратты жасап шығушылардың мойнында, ал жазасын Жаратушы мен құқық қорғау органдары жақсылап береді деп ойлаймын.

Уатсапта "вирус адам тамағында 4 күн тұрады екен. Сол аралықта сіз оны жоя аласыз. Суға сірке суын қосып, тамағыңызды шайқаңыз" деген хабарлама тарап кетті. Туысқандар бір-біріне жіберіп әлек. Бұл енді нағыз күлкілі жайт қой. Сіз олай істесеңіз минимум тамағыңызды күйдіріп аласыз, максимум мүгедек боласыз не өлесіз. Шындық осы. Осындай хабарламаларды жазу, тарату заңмен қатаң қудалануы тиіс.

Баяғыда бір бағдарламада көрген едім. СПИД-тен емдеймін деп, адамға иіс суды еккен. Салдарынан әлгі адамның тамырлары күйіп кеткен. Шетелде емес, осы Қазақстанда. Сондықтан қоғамымызда өкінішке орай ақылға сиымсыз ақпараттарды шынайы қабылдайтын жандар жетерлік. Жалпы неге екенін білмедім, біздің қоғам жалған ақпаратқа сенгіш келеді.

Сіздерге айтарым, фейк ақпараттарды он мәрте, он емес-ау, жүз мәрте тексеріңіз. Тіпті ресми ақпараттың өзін түрлі сайттардан ашып, тексерген жөн. Бұл вирустан үйде емделу деген мүмкін емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен хаттамасына сүйене отырып, ел билігі қолданатын шаралар бар. Соларды ұстанған дұрыс. Сіз жұқтырып алсаңыз(Алла сақтасын), онда сол нұсқаулық бойынша ауруханада ем аласыз. Вакцинасы жоқ болғанымен, арнайы егетін препараттар бар. Соларды қолданады. Бары осы.

Сонымен бірге сарымсақ, пияз, імбір мен лимон өкінішке орай бұл індеттен емдемейді. Олар тек иммунитетті көтереді. Ал иммунитеті мықты адам вирусты жұқтырса жеңіп шығу мүмкіндігі мол. Сондықтан "сарымсақ жеп, лимон қосылған шай іштім, енді маған вирус жоламайды" деп көшеде жүретіндер болса, үйге қайт деңіздер. Бұдан сақтанудың жолы қарапайым: үйде отыру, үйді күніне екі мәрте желдетіп алу, үйді таза ұстау, даладан келгенде қолды, бетті сабындау, антисептик пен масканы тастамау және иммунитетті көтеру. Осыларды істесек, ертең-ақ көрген жаман түсіміздей бұл сынақтан да өте шығамыз. Аман болайық, жалған ақпаратқа сенбейік.

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 472    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.03.2020, 10:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31