Сен тұр - мен айтайын!

Дамыған, есі дұрыс елдерде бұл көрсеткіш 7-8 есе

  • Дамыған, есі дұрыс елдерде бұл көрсеткіш 7-8 есе

    Дамыған, есі дұрыс елдерде бұл көрсеткіш 7-8 есе

Есіңізде болса, былтыр көктемде кіріс салығына өзгертулер еңгізуіміз мүмкін деген-ді. Сіңірлердікін 7%-ға түсіріп, орташалардікін 10%-ға қалдырып, байлардікін 15%-ға өсіреміз дегендей қылды. Бірақ соның аяғы жоқ болып кетті. Уақытша біраз уақытқа шегеріп қойыпты. Не үшін?

 

Одан соң байлардың зейнетақы қорынан артылған ақшасын шеше алатындай жағдай жасап берді.

 

Негізінде Қазақстанда байлар мен кедейлер арасында айырмашылық алшақтап кетті. 32-33 есеге жетіп қалды деген де дерек бар. Дамыған, есі дұрыс елдерде бұл көрсеткіш 7-8 есе екен. Әрі оларда байлардың кіріс салығы жоғары.

 

Есіңізде болса, біраз жыл бұрын Франциядағы салықты қымбатсынып Ресейге әлемге әйгілі Жерар Депарьде келді. Путин өз қолымен азаматтық беріп, 5 бөлмелі пәтерлер сыйлады. Артынан ол пәтер-мәтерін сатып Бельгияға тайып тұрды.

 

Көп елдерде байлардың салығы жоғары.

Кіріс салығы

 

Швецияда 61%,

 

Жапония мен Данияда 55%,

 

Франция мен Англияда 45% дегендей.

 

Өзбекстанның өзінде 23%.

 

Әрине, жылына 10 мың доллардай табыс табатын сіңірлер салықтан босатылады.

 

Қазақстан 10% салықты байлар үшін әлемдегі ең аз салықтардың бірін жасап қойған. Неге 150 000 алатын мұғалімдер мен дәрігерлер де 10% салық, 5 миллион алатын футболшылар да 10% салық төлеуі керек? Екеуі де мемлекеттен қаржыландырады.

 

Қысқасы, біздегі кіріс салығын қайта қарап, мүмкін болса, байлардікін 30-40%-ға көтеру керек. 100 000 мыңға дейін мүлдем төлетпеу керек. 7%-дың өзі көп олар үшін.

 

 

 

Сабит Рысбаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1351    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.03.2021, 18:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31