Сен тұр - мен айтайын!

Дәріхана қызметкерлерінің де жүйкесі сыр бере бастапты

  • Дәріхана қызметкерлерінің де жүйкесі сыр бере бастапты

    Дәріхана қызметкерлерінің де жүйкесі сыр бере бастапты

Соңғы төрт-бес күнде дәріханаға шапқылаумен болдық. Аламатыдағы аптека алдында ат байлайтын жер жоқ. Ығы-жығы халық. Бүгін де үйдегі кісі жазып жіберген бес дәрінің он, ұмытпасам он бірінші аптеканы аралап жүріп төртеуін әрең таптым. Өзі іздеген затың әп-сәтте қатқа айналып шығатын ниеті қисық қоғам ғой... Кейбір аптекалар "размена нет" деген секілді көбісі іздеп жүрген бес-алты дәрінің атын есіктеріне тізіп, "бізде бұлар жоқ" деп баттитып жазып үлгеріпті. Дәріхана қызметкерлерінің де жүйкесі сыр бере бастапты. Әрі қарай екінші дәріні сұрай бастасаң "жоқ" деп арс етеді. Сонымен айтайын дегенім, біріншіден адам аяғы үзілмейтін қойма-дәріханаларға бармай-ақ қойыңыздар. Ол жерде де сіз іздеген дәрінің дені таусылған. Адам көп, ереже сақталмайды. Иінтірескен халық арасынан індет жұқытырып алуыңыз мүмкін. Оған қоса кезе күтіп уақытыңызды кетіресіз. ЕКІНШІДЕН, елеусіздеу, кішігірім дәріханаларға барыңыз. Адам аяғы аз. Әрі кетсе үш-төрт адам тұрады. Және сіз тап қазір іздеген дәрілер ол жерлерде әлі бар. Бүгін өзіс осылай істеп көз жеткіздім.

Мақсат Рамазан
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1079    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.07.2020, 09:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі
    30 Қазан, 08:53
    АНАМ КІМГЕ КЕРЕК?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30