Сен тұр - мен айтайын!

Дарынсыз балаларын сүйреп, тықпалап жүретін ақшалы әйелдердің ізбасарына айналған

  • Дарынсыз балаларын сүйреп, тықпалап жүретін ақшалы әйелдердің ізбасарына айналған

    Дарынсыз балаларын сүйреп, тықпалап жүретін ақшалы әйелдердің ізбасарына айналған

Біздің Ержан Максим балақай қатысқан "Голос. Дети" байқауы кеше аяқталыпты. Ержан үшін қарап жүргенмін бұл сайысты. Сөйтсем, ол қозыма екінші орын беріпті. Бірінші орынды Алсу әншінің қызы Микелла Абрамова деген балақай алды. Айқай-шу болып жатыр ютубта. Ресейліктер "1 арна әбден былыққа батқан екенсіңдер", "Балаларға да жетті ме сендердің зұлымдықтарың?", "Ержан, Нино, Миша - үшеуінің дауысына қастандық жасадыңдар. Осылар алуы керек еді бас жүлдені", "Осы қылығымыздан ғой біздің өспейтініміз, дамымайтынымыз" деп сойып жатыр байқау болған арнаны. Сөздерінің жаны бар. Алла тағала мені кешірсін, Микеллаға қарап "Осындай да сүйкімсіз, дарынсыз бала болады екен-ау" деп ойладым. Дарынсыз балаларын сүйреп, барлық жерге тықпалап жүретін ақшалы әйелдердің ізбасарына айналған екен Алсу. Масқара обал жасады шын талантты сәбилерге. Біздің Ержан, Нино Чеснер деген қыз, Миша деген ұл... Дауыстары да, сахнадағы обаяниелері де басыңды айналдырады. Максим Галкин "Конкурс біткен соң далаға шығып кеттім. Ержанның дауысы мықты екен. Мына әділетсіздіктен кейін, балаларымды ешқашан ешқандай сайысқа қатыстырмаймын" дейд. Осындай скандал дәл қазір Ресейде)


Марал Киокушинкай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1396    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.04.2019, 13:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31