Сен тұр - мен айтайын!

Диагнозы қойылмайынша, осы тақілеттес сұмдықты тоқтату қиын...

  • Диагнозы қойылмайынша, осы тақілеттес сұмдықты тоқтату қиын...

    Диагнозы қойылмайынша, осы тақілеттес сұмдықты тоқтату қиын...

Айтпасқа тағы болмады. Біздің журналистер де кешегідей /9-қабаттан секірген әйел/ жағдайда дұрыс зерттеу жасамайды. Барады да, 2-3 көршісінен комментарий алып, сонымен сюжет жасай салады. Ал қалада есіктес көршілер бірін-бірі танымайды. Сондықтан неге марқұмның тұрған ауданындағы дүкендерге бармасқа. Солардан "келіншектің дүкенде қарызы болды ма? Ол қарызы қаншаға жетті? Қашаннан бері алады қарызды, именно не алады, балаларына тамақ па, болмаса ішетін арақ па?" - сұраса, портрет содан ашылар еді. Екіншіден, келіншек психикалық ауыртқушылығы бар науқас ретінде тіркеуде тұрмайтын ба еді, соны да анықтау керек. Себебі көктем мен күз - нағыз сондай ескі аурудың қозатын кезі.
Ал ең бастысы, күйеуін жауапқа тарту керек. Жай көңілдес емес, 7 жылдан бергі жұбайы. Бір емес 3 бала тапқан келіншегі. Неге мұндай дәрежеге жетті? Бұған еркектің қатысы болмауы мүмкін емес. Бәлкім ол жүріс жасап кетті ме? Мүмкін бұларды мүлдем тастап, басқа біреудің қолына кіріп алды ма? /қазір ондай альфонстардан аяқ алып жүргісіз/ Мүмкін "өлтірем" деп қорқытты ма? Болмаса, құмар ойынға кіріп, үй ішін теспей сорды ма? Соны анықтау қажет. Тіпті осы ретте жасырын камера қолданса да.
Қала берді, қайын жұрт, төркіні қайда ол келіншектің? Білем, дәл қазір олар қара жамылып отыр. Сәл жетісі не қырқы өткеннен кейін болса да, сөйлетуге болады ғой туғандарын. Қысқасы, сұрақ көп, бірақ оған жауап іздеп жатқан зерттеуші жоқ. Міне - мәселе қайда жатыр. Құр әлеуметтік желіде қалың тобырдың талқысына салып қойып қарап отырмыз. Онда кім көрінген отырады, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып. Өліп кеткен келіншектің артынан тас лақтырып, қарғап-сілеп /Құдай сақтасын/. Оны айтасыз, тіпті оқыған-тоқыған деген өзіміздің журналистер чаттарының кейбірінен сондай сыңайдағы сөз естіп, жағамды ұстадым. Атам қазақ "өлгеннің артынан жаман сөз айтпа" деген деп, әрең тоқтаттым. Жалпы, терең зерттеу керек деп отырғаным сол.
Әрине, әйелдің үш баласын терезеден лақтырғанын ешкім жақтап отырған жоқ. Бірақ ол өз жазасын өзі тартады. Оған үкім айтуға, Құдайдан басқа ешкімнің қақысы жоқ. Ал біздің тар ауқымда ойлайтынымыз "өзі кінәлі, неге өйтеді" дегенімізден-ақ белгілі... Сондықтан айтып отырмын зерттеу жасау керек деп. Қазір жұрт құзырлы орындардан онша үміт күтпейді. Олар айналысады ғой, бір емес төрт бірдей өлім, үшеуі періште. Бірақ біраз нәрсені "тергеу құпиясы" деп ашып айтпайды. Жазықты кім боп шығатынын да бір Құдай білсін. Кемі бір жыл өтеді солай. Есесіне жұрт журналистерге сенеді. Сондықтан бұл істі біздің әріптестер зерттесе, кәдімгідей жанашырлықпен деп отырмын. Жол көрсетіп. Себебі біржақты кінәлау оңай, одан түк өнбейді, қарабайыр өсек деңгейінде қалып қояды. Ал мұндай құбылыс зерделенбейінше, ақ-қарасы ажыратылып, диагнозы қойылмайынша, осы тақілеттес сұмдықты тоқтату қиын... Онсызда суицидтен еліміз алдыңғы қатарларда тұр...

Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2318    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.11.2021, 09:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Желтоқсан, 15:34
    Е, алдамшы дүние...
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31