Сен тұр - мен айтайын!

Дүние тыныш кезде алмаған затыңыз, алмағайып кезеңде тез табылатынына сену қиын

  • Дүние тыныш кезде алмаған затыңыз, алмағайып кезеңде тез табылатынына сену қиын

    Дүние тыныш кезде алмаған затыңыз, алмағайып кезеңде тез табылатынына сену қиын

 Қазір дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшы. Әсіресе, парацетамол секілді ыстық түсіретін препараттар жоқ. Өткенде градусник таппай халықтың сенделгенін оқып қалдым. Билікті жамандауға толық құқығыңыз бар, бірақ өзімізден де кінә бар екенін мойындайықшы. Әр үйде «аптечка», яғни дәрі-дәрмек қобдишасы болуы тиіс. Градусник соның ішінде міндетті түрде тұруы керек. Дүние тыныш кезде алмаған затыңыз, алмағайып кезеңде тез табылатынына сену қиын. Күні ертең-ақ бәрі реттелер. Кезінде маска таппай сенделіп едік. Қазір аптекалар масканы пачкалап сатып жатыр ғой. Сол секілді жағдай түзелгенде төмендегі дәрі-дәрмек міндетті түрде «аптечкаңызда» болсын. Сонымен...
1. Спирт
2. Мақта (екі түрін алсаңыз болады, стерильді және қарапайым)
3. Бинт (мұның да екі түрі: стерильді, яғни қарапайым және эластикалық бинт)

4. Градусник (электронды және сынаппен. Сынапты градусник дәл көрсетеді. Кейде электронды қуып кететіні бар)
5. Пластырь
6. Парацетамол (балаларға эффералган)
7. Йод
8. Перекись водород
9. Аспирин
10. Цитрамон (Мен секілді жиі басыңыз ауырса)
11. Жгут
12. Терафлю (немесе осыған ұқсас ұнтақ)
13. Мұрын бітелгенде тамызатын дәрі (Санорин, отривин)
14. Но-шпа
15. Супрастин (Кетанол, кетенаф)
16. Фестал (немесе Мезим)
17. Белсендендірілген көмір
18. Қайшы
19. Грелка
20. Груша
21. Фурацилин
Әзірге есіме түскендері осылар. Жоғарыда айтылғандардың бәрі тиын тұрады. Дер кезінде алып қойсаңыз, көп шығындалмайсыз. Қосамын деушілер болса, мархабат.

Айтпақшы, менің аллергиям болғандықтан, үйде міндетті түрде антигистаминдер бар. Мұрынға шашуға Этацид не Авамис, ішуге Супрастин, Парлазин. Сол секілді өзіңіздің жеке ауруыңызға қарай қажетті дәрі-дәрмек міндетті түрде тұруы тиіс.

Ал сіздің аптечкада қандай дәрілер бар?

UPDATE: Қазіргі жағдайға байланысты үйде міндетті түрде маска және антисептик болуы тиіс

facebook.com парақшасынан




Көрілген: 1074    Пікірлер: 0

жұма, 10.07.2020, 01:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30