Сен тұр - мен айтайын!

Екі айлық баламен адам тойға бара ма? Сен бармасаң Шымкентте той өтпей ме?

  • Екі айлық баламен адам тойға бара ма? Сен бармасаң Шымкентте той өтпей ме?

    Екі айлық баламен адам тойға бара ма? Сен бармасаң Шымкентте той өтпей ме?

Былтыр Арналыны ауыртып алып, бір апта инфекционныйға жатып шықтық.99.9% қазақтар.Таң қалдым.Бөлімді басқаратын дәрігер кәріс екен.Палатаны квартцтау кезінде дәлізде тұрған келіншектерге ұрсып жатыр екен
- Екі айлық баламен адам тойға бара ма? Сен бармасаң Шымкентте той өтпей ма?
....Өзім де қазақтың келінімін.Тойға барсаң кондиционерден сау адам ауырады. Жас босанған келіншектер жүреді, ашық-шашық вешір көйлегін киіп алып,қолында титімдей шақалақ. Сол келмесе ешкім ренжімейді. Осы жерде жатқан келіншектердің бәрі қазақтар және де тоқсан пайызы тойға, асқа, қонаққа барып баланы ауыртып келіп отыр. Не деген сұмдық?, - деп әбден ашуланды.
Тілімді тістеп тұрмын,солардың бірі өзім ғой.

...Көршіден өзге ұлттар көп. Таң атпай иттерін жетектеп серуенге шығып бара жатады, одан кейін ешқайсысын көрмейсің. Аулада ойнап жүрген балаларды үйге қуады. Дезинфекция жасағыштарды желкелеп жүріп барлық жердің үтір, нүктесіне дейін жуғызады.Содан кейін де олар қатерден аман болып тұрған шығар.
Ал біздің сабылысымыз бітпей тұр."Құдай сақтасын" дейтін ұлы сөзіміз бар. Құдай да сақтансаң сақтайды ғой.
Күні кеше ғана атамның қарындасы қайтыс болды. Ішіміз қан жылап отыр.
Жетісайға баратын автобустардың бәрі толық. Әлі сабылып жүрміз.
Бой бермей кеткендердің амандығын тілеп отырмыз, бірден оқшаулап,анализ тапсыру керек шығар

 

Гүлбағыш Бостан
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3316    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.07.2020, 09:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31