Екіге бөлініп алып, қызылшеке болып соғысуға құмармыз

Екіге бөлініп алып, қызылшеке болып соғысуға құмармыз

Екіге бөлініп алып, қызылшеке болып соғысуға құмармыз. Вакцина туралы да солай болды. О бастан екіге бөлініп алдық, бір жақта жақтаушылар, екінші тарапта қарсылар. Майдан даласы — әлеуметтік желі. Әуелі жақтаушылар шықты шешініп тастап, иықтарын жалаңаштап өкіл салдырғандарын елге көрсетті.«Е, ем болсын, қуат берсін»деп тілек айттық.
«Бұ дерттен құтылудың басқа жолын көріп тұрғам жоқ. Халқым, тезірек егіліңдер» деп егіле-төгіле пост жазды әлгі «батырлар» біраздан соң.«Вакцинаның атын кеше естіп бүгін баз бір вирусолог дәрігердей пәтуа бергені-ай» дедік те қойдық. Бір-екі танысқа «агитатор болмайық та, әркім өз денсаулығына өзі жауапты, сенің сөзіңе еріп вакцина алам деп ауырып қалса қайтесің» дегенді айтып көргенбіз, сөзіміз өтпеді әлде өткізе алмадық. Онан кейін қарсы тарап атқа қонды. Оларды агитаторлар «антиваксер» деп келекеледі. Осылайша ваксерлер мен антиваксерлердің боксы басталды. Бір раунд олар, бір раундты бұлар алады. Төрешілер оларға жақтасатыны белгілі, бірақ мыналар да берілер емес. Олимпиада тұсында майдан даласы (әлем желі)босамай дымы құрып жүр екен, қалай бітті қайта ұстасты. Бір «антиваксер ағамыз» вакцина салдырмағандар арасында ұтыс ойнатам, пәтерге жеңілдік жасалады» дегелі бері тіпті қозып кеткендей. Өйтпегенде қайтсін, өйткені осы ұтыс деген бәлені агитатор тараптың өзі бастаған. Вакцина алғандар арасында ұтыс ойнатып, көліктен бастап телефонға дейін тікті-ау солар. Енді мыналар қарымта соққы жасап еді, жазғырып жатыр. Суреттерін шығарып, сөгіп жатыр, сойып жатыр. Жалпы екі тараптың әрекетін көріп, өзімді қай тарапқа жатқызарымды білмедім. Бірі жақтайды, екіншісі даттайды.Ал мен жақтамаймын да, даттамаймын да. Екі жақтың да сөзінде келісетін, келіспейтін тұстар бар. Менің позициям — ковидпен осыған дейін ауырмаған адамдар мен симптомсыз ауырғандар вакцина салдырғаны жөн. Онда да денсаулығын әбден тексертіп барып салдыру керек. Өйткені бұл ауруды екінің бірі көтере алмайды. Бастан өткердік, білеміз. Сылынып түскенмін, көтерем аттай сүйретіліп қалғанмын. Ал мен секілді екі-үш рет ауырып тұрғандарға вакцинаңыз қажет емес. Өйткені организм бұ пәлемен күресіп үйреніп алады, антидене қалыптасады. Оны да елден естіген ғана емес, бастан өткерген соң айтам. Өз басым бұ дерт келгелі үш рет ауырып тұрдым. Біріншісі ауыр өтті, екіншісі онан жеңілірек, үшіншіде еш дәрісіз жазылып кеттім. Құдды тұмау секілді, бәлкім онан да жеңіл кетті. Тек бір аптадан аса уақыт тершеңдік кетпеді. Организм мұнымен күресуге үйреніп, келген бетте үнін өшіруге машықтанып алды-ау деп отырмын. Оншақты күн бұрын үлкен ұл футболға жарысқа кеткен. Апта жүріп келді, сол турнирден ауырып келді. Барған баланың біразы ауырыпты. Әлі жөтеліп жүр. Бірақ со баладан бізге жұқпады, қорқақтап едік отпускіміз аурумен өтіп, тағы бір ауырамыз ба деп. Бір күн мұрын ашығандай болып жүрді, әйелім де сондай бір дел-сал күйде болыпты. Бірақ жұқпады. Соған қарағанда антидене ақырып тұрған сықылды. Қырық рет жұқса, қырық рет жеңіл-желпі ауырып тұратындай сенім бар. Осы сөзім ваксерлерге де, антиваксерлерге де жаға қоймас. Бірі «салдыр» деп, екіншісі «салдырма» дейді. Екеуі де сауатсыз көрер. Ең қиыны өкімет сөзден тайқыды, басында « вакцина салдыру науқанында зорлық болмайды» деген. Енді жұмысқа кіргізбейміз, апта сайын тест, айыппұл деп алақан ысқылап отыр. Көнбеске лаж жоқ. Жұмыстан айрылмау үшін салдырамыз, денсаулыққа пайда-зияны болса обал-сауабы осы күнді асыға күткен агитатор-ваксерлерде)
P. S. Суретте ваксерлер жасаған антиваксерлер коллажы. Ал ваксерлердің суреті бір бетке сыймас.

Есболат Айдабосын

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста