Сен тұр - мен айтайын!

Елімізде қарапайым еңбек адамының еңбегі лайықты бағаланудан қалғалы қай заман

  • Елімізде қарапайым еңбек адамының еңбегі лайықты бағаланудан қалғалы қай заман

    Елімізде қарапайым еңбек адамының еңбегі лайықты бағаланудан қалғалы қай заман

"Мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің жалақысы өсті дегенге бәріміз қуанып едік, алайда кіші қамту қызметкерлеріне ештеңе де қосылмапты. Ковид кезінде де былай уақытта да ауруларға күтімді біз жасаймыз. Ал жалақыға келгенде медработниктердің санатына жатпайды екенбіз. Бұл қалай болғаны? Біздің де дәрігерлер мен мейірбикелер сияқты отбасы бала-шағамыз бар. Барлығы қымбаттап кетті. Азық-түлік дүкендері "мыналардың жалақысы аз ғой" деп бізге арзан бағада бөлек сатпайды ғой",- деп өзін Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылындағы ауруханада "санитарка" болып істеймін деп таныстарған Гука есімді фейсбук қолданушысы өкпе-назын ақтарып тастапты. Әйтеуір осы фейсбукке жазсам еститін мемлекетте тыңдайтын бір құлақ табылар деген үміті болған шығар.
Жалпы біздің елімізде қарапайым еңбек адамының еңбегі лайықты бағаланудан қалғалы қай заман. Жоғары жалақы алу үшін міндетті түрде жоғары оқу орнын бітіру қажет деген қағиданы кім ойлап тапқан? Дәрігерлікті немесе мұғалімдік мамандықты таңдаған адам "жалақысы шамалас қой, бұлай басымды қатырғанша еден жуып, көше сыпырып немесе от жаққаным артық" деп білім алып, мамандық игеруден бас тартар ма еді?
Кеңес өкіметі кезінде совхоздағы малшылар да, механизаторлар да жоғары жалақы алатын. "Передовой" малшылар "Нива" көлігін мініп, партияның бірдеңе-бірдеңесінші сьездіне делегат болып, формально болса да бәленбай кеңеске депутаттыққа сайланып, суреттері көшедегі құрмет тақтасында ілініп тұратын. Ал қазір мекеменің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген сол бюджеттік мекеме жұмысшылары депутат болмақ түгілі ауыл әкімінің қолынан бір алғыс хат алып көрді ме екен?
Қазір білім саласында мұғалімдердің жалақысы мектеп директорынан да, білім бөлімінің басшысының лауазымдық жалақысынан да жоғары. Соған бола мұғалімдер басшылық қызметтерден бас тартып, орынтақтар бос қалып жатқан жоқ қой?
Кіші қамту қызметкерлерінің жалақымыз өспеді деген наразылық жағдайларын мектеп пен ауруханада ғана емес, сонымен қатар мәдениет үйлері мен ауылдық клуб жұмысшыларынан да естіп-көріп жүрміз.

Ермек Құрманғалитегі

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1937    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.02.2021, 18:15

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30