Сен тұр - мен айтайын!

Еркегіңіздің желаниесымағы қашпасын десеңіз, партнер болуға үгіттемеңіздер

  • Еркегіңіздің желаниесымағы қашпасын десеңіз, партнер болуға үгіттемеңіздер

    Еркегіңіздің желаниесымағы қашпасын десеңіз, партнер болуға үгіттемеңіздер

Бегжігіт ағайдың "Партнер " туралы жазған постында әркім әр түрлі пікір білдіріп жатыр екен.

Жалпы босанғалы жатқан әйелінің жанында партнер болу – ер адамның психологиясына кері әсерін тигізіп, инпонтенцияға шалдықтыруы мүмкін. Толғақ үстінде қиналып, адамнан адам шығарып жатқанның куәсі болу оңай ма? Айтпағым еркегіңіздің желаниесымағы қашпасын десеңіз, партнер болуға үгіттемеңіздер.

Бір нәрсенің пайдалы тұсы болса,кері тұсы болатынын ұмытпау керек дегенім ғой.


Босандыратын врачқа кірерде өзінің міндеттерін тағы бір мәрте есіне салсаңыз немесе қалтасын аздап қампайтсаңыз, өзі үшін босандырып алады.


Қалта демекші қазіргі кезде докторлар киетін халаттардың қалтасының фомасы да үлкейіп кеткен тәрізді. Төрт баланы партнердың көмегінсіз босандық.

Гинекологтар адам шығарып әуре болып жатса, сонитарка "Жаным күнімін" айтып, ара-тұра бетімізге су бүркіп демеп тұрды.


Палатаға шыққан соң, қай қатын қалай босанғанын жарыса айтып жатты. Біразы алдын ала ақша берген, бірі таныс врачын таңдаған.

Ал мен босанғанда врачтардың бөпенің " Іңгәәә" деген дауысын ести сала "Күйеуің қайда?" деп врачтың, педиатрдың, соңынан сонитарканың сыртқа қарай сүйіншілетіп жүгіргені есте қалыпты.

Ақкөңіл күйеу қолындағы барын бірінші жүгіріп шыққанының қалтасына сүңгіте салған ғой. Құр қалған педиатр мен сонитарканың бұрқылдап жүргені , бірінші жүгіріп шыққан врачты жамандап, менің бетіме жеккөрінішпен қарағаны әліге дейін көз алдымда.


Партнермен кірсең де , партнерсыз кірсең де сүйіншілетіп тұрып сындыратын врачтарың тазалықшысына дейін шылқып байып алған шығар бүгінде.


Не болыпты? Қиналып жатқанда тудырды, сонитарка сенен шыққан лас нәрсені тазалады, аман--есен босанғаныңа шүкір етіп, ақша бере салсаң нең кетеді? ~деуі мүмкін баз біреу.

Жағдайы келгені берер. Ал, бөпесінің жөргегіне зорға ақша тауып барғандары қайдан берсін? Бай-жақыбайдың ақ көңілділгі салдарынан

Дәрігердің қараусыз қалатындар да осылар. Дәрігері, тазалықшысы болсын, атқарған міндеті үшін айлық алып отыр емес пе?


Айтпақшы бұлардың ақша ала салуы, қалтсына сала салуы мұнымен тоқтамайды. Перзентханадан шығарда медсестрасы келіп "Анау врачқа анша, мына врачқа мұнша беруіңіз керек, әйтпесе выпискаңызды жазбайды"-деп сыбырлайды. Беретіндері беріп, енді шығуға ынғайланғанда, тағы бір ақ халаттысы жүгіріп келіп "Бөпеңізді мен орап алып шығайын, сіз ауыр көтермеңіз"  – деп жанашырлық танытады.

Бөпеңіздің көрпесін конверт қылып орап берген оған да сүңгітуің керек. Сүңгітпесек баламызды бермей қоятындай қорқатынымызды қайтерсің? 


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 4157    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.12.2019, 16:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қаңтар, 12:10
    Күйдірдің ғой ит-ай!
    31 Желтоқсан 2019
    Әкім болудан қорқамын...
    26 Желтоқсан 2019
    Әке-шешемді сатам!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31