Сен тұр - мен айтайын!

Ертегі ме? Жоқ, бұл – Қазақстан!

  • Ертегі ме? Жоқ, бұл – Қазақстан!

    Ертегі ме? Жоқ, бұл – Қазақстан!

Бір мәселе.

 

Бүгін түнде жақын құрбымның көлігінің нөмірін ұрылар шешіп алып кеткен екен. Қайтарып алудың жолы көрсетілген бір жапырақ қағаз қалдырған. Тікелей ақша талап етпеген, бірақ «Купи/Продай» мобильді қосымшасын көшіріп ал деп, әрі қарайғы жолын жазған. «Пиши!!!» деп қолтаңба да қалдырыпты)) Құрбым бірден құқық қорғау мамандарына хабарласады, алайда, мән-жайды естігендегі олардың реакциясы: «біз онда барғанмен не бітіреміз, нөмірге хабарласып сатып алғаныңыз дұрыс қой», болады.

 

Қызық мұнымен таусылмайды. Құрбым соңына дейін тергеуші жіберіңіз деп тұрып алады. Учаскелік полицей келеді, бірақ «мынау потеря емес, пропажа ғой, бұл менің бағытыма жатпайды, сіздерге басқа бөлім, СОГ (следственно-оперативная группа) келуі керек, қазір хабар беремін» деп кетеді. Ізінше төрт адамнан тұратын арнайы топ келеді. Алайда, олар хабарлама жазылған жапырақ қағазды салатын файл іздеп жүріп алады. Құрбым «саусақ іздерін алмайсыздар ма, камераларды тексерейік, «Сергек» көп бұл арада» десе, «Жоқ, «Сергек» біздің құзырымызға кірмейді», дейді. Подъездің маңдайшасында камера бар, соны қарайық деп қыз ТАҒЫ ӨЗІ ұсыныс тастайды. Камерадан біреудің номерді шешіп алып жатқаны көрінеді, алайда үй айналып кеткеннен кейін із жоқ. Точнее әлгі топ осымен жұмысты тәмамдайды да ертең шағым түсіріңіз деп кете барады.

 

Тергеушілерден қайыр болмаған соң құрбым сіңлісі екеуі көрші үйдің подъездеріндегі камерадан қарап көрмекке тағы шығады. Ол камераны «күзетіп» отырған ағаның ақша талап еткені жеке әңгіме. Содан хош, сұраған теңгесін береді де, камера жазбасына қараса, бәрі ап-анық! Үй айналып кеткен ұрының сәл әрірек барып әлденені үйінді қарға көміп жатқаны айнадай! Қыздар видеодағы омбы қарды шамалап барып қаза бастайды. Біразға дейін таба алмайды. Содан қасындағы сіңлісі тұрып:

 

- Егер мен ұрының орнында болсам, хабарласқан адамға өзім әкеліп бермесім анық. Сондықтан, белгілі бір затты ориентир ретінде алар едім. Мына бағанның түбіне қарай қазып көрсек ше, дейді ғой.

 

Қазады. Табады. Нөмірлері сол бағанның түбінде жатыр. Ертегі ме? Жоқ, бұл – Қазақстан!

 

Енді менде сұрақ:

 

Жол ережесіне келгенде «Сергектен» сақ құдірет жоқ. Ал неге сол құдіретті мынадай жағдайда пайдалануға рұқсат жоқ? Тергеушілерде істі тексеруге неге құлық болмады? Ресейлік «Купи/Продай» мобильді қосымшасын естіген/көргендеріңіз бар ма? КСК неге пара сұрайды? Мұндай жағдайға тап болғандар бар ма? Көлігі барлардан кеңес керек.
Жалпы, ауызбастырықсыз шаруа шешілмейтінін білем ғой, тек мұнша құнығып кеткенімізді білмеппін...
[...не дейін, екі құрбыма #сыщик болыңдар дедім]

 

Айсұлу Маманқызы
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 528    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 16:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Шілде, 11:16
    Солар жазалансын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31