Сен тұр - мен айтайын!

Ешкім қызын бермей қойса керек...

  • Сабит Рысбаев

    Сабит Рысбаев

Стамбул мен Антальяда болып келдім. Бірден айтайын өзіме ұнамады. Адамдардың Highvill-декі үйлерін қиып, ана жаққа не үшін бара жатқандарын онша түсінбедім.

 

Кей жағдайларда біз түріктерден алға кеткен сияқтымыз. Қазақстанда ақша ұстауды ұмытып қалдық десе де болады. 90% QR-мен төлеп кете береміз. Карточканы да ұсынбаймыз. Ол жақта QR-мен төлеген адам көрмедім.

 

Басқа жерлерде білмеймін Астанада адамдар кез келген жерде темекі шеге алмайды. Штраф келеді. Оларда есіктің алды дегендей жерлерде темекі шеге береді екен.

 

Арзан киім де көрмедім. Бағалар жеке саудада шамалас сияқты. Көтерме бағада оларда әрине арзандау.

 

Бұрында бізде автокөліктер арзан еді. Енді шамалас болып қалыпты. Оларда машина арзандамаған. Бізде қымбаттап кеткен.

 

Шопыр мен көше тазалаушы адамдардан неше аласыңдар деп сұрасам 150 000 шамасында дейді. Астанада да осындай айлық алады ол адамдар. Сол үшін сіңірлердің Түркияға барып жұмыс істеп, бай боламын деген нәрсесі күлкілі естіледі. Дені дұрыс елге бармаса ол жақта да сіңірлер толып жүр.

 

Азық түлік бағасы бізден сәл қымбаттау ма дедім. Еттің бағасы бізде қатты өсіп кеткен. Бұрында түріктерде 4-5 есе қымбат болатын.

 

Кей жағдайда олардан да үйренер нәрсе көп. Қызмет көрсетулері керемет. Антальяда бір жерден тамақ ішкен едік 3 түрлі салат, нан, суларын тегін әкеліп берді.

 

Бізде неге екені белгісіз еден жуушы дегенді тек әйел адамдар жасайды. Солай болуы заңдылық сияқты болып кеткен. Ол жақта көбінесе еден жуатындар да еркектер. Официанттар да солай екен. Көбінесе жасы үлкен түріктің еркектері.

 

Бізде жасың 50-ге келіп официант болсаң балаңа ешкім қызын бермей қойса керек. Құда кім болып жұмыс істейді деп сұрағанда. Официант екен немесе еден жуады екен десең бітті ғой. Сол жерде тәтті шәй тоқтайды. Одан да жұмыссыз болғаны дұрыс.

 

Жақсы ма жаман ба білмедім бізде саудагерлердің 80%-ы қатындар болса ол жақта 90% еркектер ма деп қалдым.

 

Ердоғанды жақтыратын да, жақтырмайтын да түріктерді көрдім. Жақтырмайтындары ойларын онша ашық айта алмайды екен. Қорқыныш бар. Біздің такситтерде ол жағынан демократия бар. Шалдарды жамандап отыра береді ұнамаса.

 

Жалпы бізде барлық нәрсе құрдымға кетті деп айтуға әлі ерте сияқты. Кей нәрселерде басқа елдерден көш ілгері келеміз.

 

 

 

Сабит Рысбаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4242    Пікірлер: 0

сенбі, 11.09.2021, 23:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30