Сен тұр - мен айтайын!

Фб талай адамға "Cерікбайды" алмастырғандай көрінеді маған...

  • Фб талай адамға

    Фб талай адамға "Cерікбайды" алмастырғандай көрінеді маған...

Біздің ауылда Сембай және Серікбай деген құрдас ағалар бар. Қалжыңдары сұмдық. Той-томалақ, аста етті сол кісілер жасайды. Бірінің жасағанын екіншісі жақтырмай: Әй, өзің асай бермей табаққа да сал, - деп "тістеп" жүреді. Бірде сондай әзірлік үстінде қазан басынан шу шықты, бір мүше жетпейді. Пісіп қалған етті кім алды? Қалай алды? Жауапты әйел шыр-пыр. Сен алдың ба? деп еді екінші қазандағы: Керек еді, жаңа анау жүрген жанында, - деп үшіншіге сілтеп шап етті. Әй, не дейсің? - деп ол жеңгеміз сазарды. Не керек ұрыс оты лап етті. Әйел оталса оңай ма, бір жілікті іздеймін деп қызметшілер арасын азан-қазан етіп алған Сембай аға: Әй, қойыңдаршы, -деп екі-үш мәрте айтты. Кіл жеңге, келінге басқа не десін. Ұрысқан келіншектерге қарап тұрып-тұрып бір мезетте Үй, әкең, - деп беті ауған жаққа тарта жөнелді. Сырттан бақылап күліп отырған Шымболат ақсақал: Әй, жынды, мынаның бәрін тастап қайда кеттің? - деген, Сәкең тоқтамады да, тосылмады да: Қазір ана Серікбайды боқтап келейінші, - деп тарта берді. Қарттар да, әйелдер де ду күлді. Фб талай адамға "серікбайды" алмастырғандай көрінеді маған.

Пы.сы. әлгі етті тойды ерте бастап жүрген жігіттер тіскебасарға үптеп кетіпті, кейін анықталып, Сембай ағаның зілсіз ұрысын естіді.

Serik Abikenuly
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 470    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.02.2020, 16:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Шілде, 11:16
    Солар жазалансын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31