Сен тұр - мен айтайын!

Футболды қоя салсақ жоғарыдағы қызығын көріп жатқан 4-5 жемқордан басқа ешкім ренжімесе керек

  • Футболды қоя салсақ жоғарыдағы қызығын көріп жатқан 4-5 жемқордан басқа ешкім ренжімесе керек

    Футболды қоя салсақ жоғарыдағы қызығын көріп жатқан 4-5 жемқордан басқа ешкім ренжімесе керек

Соғыс болып жатқан, халқының 70%-ынан көбі босқын болып кеткен Сирия футболда Фифа рейтингісінде 82-інші орында.

 

Тұрақтылықтан көз ашпаған, футболға 1 миллиардан көп, соңғы 5 жылда 270 миллион доллар бөлген Қазақстан 121-інші орында.

 

Біздің ұлттық құрама әуесқой балықшылар мен почтальондар ойнайтын Фарер аралдарын ұта алмайды.

 

Құдайдан Сан Марино мен Гибралтармен бір группаға түсуді сұрайтын болдық.

 

Стадиондардың 70%-ы пустой болады. Дәл осы футболды біз қоя салсақ жоғарыдағы қызығын көріп жатқан 4-5 жемқордан басқа ешкім ренжімесе керек.

 

Кейбір облыстарға спортқа бөлінетін ақшаның көбісі осы футболға кетіп қалады. Ол жақта көп ақшаны легионерлер алады. Алғанда да еуропада 5 мың доллар алса бізде 20-30 мың алады.

 

Есесіне неше бала спорт уйірмелері жоқтықтан немесе қымбаттықтан спортқа бара алмайды. Неше адам салауатты өмір салтын ұстанбайды. Қанша адамның обалына қалды өліп қалған футбол.

 

Грузия мен Армения футболды мемлекеттен қаржыландыруды тоқтатқан еді есесіне Мхитаряндар шықты. Грузия ұлттық құрамасының барлық футболшысы шетелде ойнайды.

 

Шетелде футболшылар көп айлық алса ол жақта футболды Манчестер қалалық әкімшілігі немесе Мадрид облыстық бюджеті қаржыландырмайды. Бәрі жекеленген.

 

Футболды мемлекеттен қаржыландыруды тоқтатпай әлі осылай 30-40 жыл отыра береміз группадан шыға алмай…….

 

 

 

Сабит Рысбаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3236    Пікірлер: 0

сенбі, 12.06.2021, 19:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31