Гептил туралы шындық жазбадыңдар деген ағама жауап

Гептил туралы шындық жазбадыңдар деген ағама жауап

ГЕПТИЛ ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ ЖАЗБАДЫҢДАР ДЕГЕН СӘДУАҚАС АҢСАТ АҒАМА ЖАУАП: 


Сәдуақас Аңсат, Аға, біздің телеарна, үтір, нүктесіне дейін жаздық. Сараптадық. Гептилдің төгілгеннен кейін 1 сағаттың ішінде бірде-бір өлшем құралы анықтай алмайтын, Ресейдің "ақылды" отыны екенін айттық. Сол тұстағы Адырбековтың командасы дайындаған ғылымға негізделген гептилдің төгілгенін дәлелдейтін барлық фактілерін айттық. АҒА МЕН АЙТТЫМ.ОЛ КЕЗДЕ САРАПТАМА МЕНДЕ БОЛАТЫН.
Гептилдің адам ағзасына, ішкі ағзаға қандай зияны бар екенін өз басым, Ресейдегі гептил шығаратын зауыттың экология мен адам ағзасына тигізіп жаткан залалдарымен салыстырып, айттым. Химик ғалымдардың айтуынша, гептилдің не иісі, не ізі, не не бояуы жоқ, бірақ су тигенде зиянды әрекеті 1000 есе өсетінін, ол жердегі шөппен оттаған мал, жануар аз уақытта теңкиіп-теңкиіп өліп калатын немесе тірі қалса, ішек карны қап-қара боп, бәрібір мал болмайтынын эфирде сараптамалық бағдарламада бәрін айттым.
Мәселен Торғай даласында киіктер осы гептил сіңген топырақта өскен шөпте оттағандықтан қырылып қалған еді. Оны еліміздің бас санитары шөпті шектен тыс көп жеп, күпті болды деп мәлімдеді. Түз жануарының ағзасын табиғат өзі реттейді. Қанша жейтінін.
Ол қорада жем жеп күпті болатын, қой емес.
Бұл туралы да ашық айтып жүрмін.
Енді Протон құлағанда облысқа Үкіметтік комиссияны басқарып келген Азамат Әбдімомынов, өздерімен комиссия мүшесі болмаса да, ере келген Бірғаным Әйтімованың ықпалымен (Бірғаным да тапсырмамен еріп келгені белгілі боп калды) Ресей мүддесіне шешім шығарды. Бұл туралы да Әбдымоновтың алғашқы Протон құлаган аймақты ТАПҚАН уақытта журналистерге берген, интервьюінде шындықты айтып, ертеңіне басқаша сөйлегенін айттым.
Ресейліктер протонның құлаган жерін Вертолетпен ұшып жүріп, іздеп, екі сағаттан кейін тапты. Неге 2 сағат іздеді?
Зымыранның ұшу, құлауы мүмкін траекторияларының әр метрі алдын ала белгілі. Неге 2 сағат? Өйткені гептил 1 сағаттан кейін күші калса да, ізі қалмайды. Тек жауын, қар жауғанда зиянды куаты 1000 есеге артады. Бұның бәрін айттым. Неге траекториясы алдын-ала белгілі жерді 2 сағат іздеді деп.
Сол тұстағы әкім Адырбековтің аймақ мүддесі үшін, еліміздің атомщик, химик ғалымдарының дәлелдерін ұсынып, Гептил мен Амила құлаған шұңқырдың радиусы мен тереңдігіне әскери экспертиза жасатып, шұңқырдың тереңдігі көктен құлаған 600 тонна гептил мен тағы бірнеше тонна амиланың салмағына сай келгеніне дәлел келтірсе де, Үкіметтік комиссия "Жоқ, гептил ауада жанып кетті," деп орыстарды қолдады. Адырбеков "Ауада жанса, 600 тонналық воронка калай пайда болды десе, жерге құлаганда, жерде жанып кетті" деп, тағы да көрші муддесіне ойыстырды.
"Ау, жанып кетсе, Топырақты неге кара күйе шалмаған" дегенде әкімнің касында отырған Әйтімова Адырбековтің құлағына "Сіз үкіметке карсы әрекет жасап отырсыз" деп сыбырлаған. Бұны әкімнен интервью алғанымда, өзі айтты. Сонда әкім "сіз комиссия мүшесі емессіз, тиыш отырыңыз" десе де, ол комиссия жұмысына араласып, ел мүддесіне шешілуіне кедергі келтіріп отырды. Міне осының бәрін, жаздым Аға, айттым!
Содан кейін алған интервьюімде Адырбеков "мен осымен екінші рет отставкаға бердім, мен Сыр Елі халқының мүддесін қорғай алмадым, мен Сыр елі халкының алдында кінәлімін" деген еді. Бұл сөздердің айтылғанына режиссер мен оператор куә. Солай ол кісінің отставкасы мақұлданып, ақыры кетті.
Бірақ кетерінде Көмекбаев пен Қуаңдария ауылдарына ауыл экологиясы мен ауылдықтардың денсаулық индексіне мониторинг жүргізетін 3 жылдық бағдарламаға қол жеткізіп кетті. Ол бағдарлама туралы да ашық жазылды, Аға, оған ауылға сол мемлекетаралық комиссияны суйрегендей алып барған экс-әкім Биғали Қаюпов пен экс-замоблздрав Сапар Рахманшиев куә. Олар сол Ауылдарда өткен тыңдауда халық мүддесін қорғап, Ерлік жасады десем артық айтқаным емес. Ол бөлек әңгіме.
 
 

Айткул Шалгинбаева
Фейсбуктегі парақшасынан

 

 
 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста