Сен тұр - мен айтайын!

Халық бір үңгірге қарай кетіп бара жатқан секілді...

  • Халық бір үңгірге қарай кетіп бара жатқан секілді...

    Халық бір үңгірге қарай кетіп бара жатқан секілді...

Кеше мамаммен базарға бардым. Затымыз ауыр боп, сатушыға "Қаншама зат алып, саудаңызды өткіздік. Арбакеш шақырып беріңіз. Базардың ішінде арба іздеп жүруім қаншалықты əділетті" деп қалжыңға бұрып, талап қойдым. :) Жоқ, бірнеше арбакештің телефоны бар екен. Арбакештің жасы елуден асқан. "Күніне қанша табасыз?" дедім. "Жоқ дегенде, 3000 теңге табам. Көбіне 4-5 мың табам" деді. "Ішпейсіз бе?" дедім. "Жоқ, намаз оқимын. Алты балам бар. Ішсем бала-шағамды кім асырайды?" деді. "Айына базарға қанша күн шығасыз?" дедім. "Шаршаған кезде əр кезде демалам. Базардан күнде үйге көкөніс, жеміс, нан апарам. Соны апармай үйде жатсаң, жаман екен" деді. Өзгелер үшін жай ғана арбакеш біреудің əкесі, біреудің жары, асыраушысы, арқасүйері. Арбакештер мемлекетке масыл боп жүрген арамтамақ депутаттардан əлдеқайда қоғамға пайдалы.




***


Ауылда тігінші əйел бар. Өткенде бір сарафан алғам. Кейбір жерін "бұзып", өз ойымдағыдай тіккізгім келді. Тігінші əйелге бардым. Қасында киім тіккізуге келген екі əйел отыр екен. Тағы бір əже келді. Бірнеше түсті материал əкеп, іліп тастаған. Адамдар ұнаған матасын таңдап, тіккізеді. Матасы бар, тігісі бар 3000 алады. "Жаман пайда көрмеймін. Тапсырыс көп. Жаңа үй сап жатырмыз. Əйтеуір тапқанымды тиын-тебен болса да, үйге жабыстырам. Пəленше матасы өзінен төрт мыңнан тігіп жатыр екен. Оған емес, адамдар маған келеді. Қымбат тіксем адам таппай қалам ғой. Адамдар "одан да дайын көйлек алайық" дейді. Сол себепті, клиенттерді жоғалтпауға барымды салам" деді.

...Біздің қоғамдық өмірде еңбекқор адамдар туралы көп айтылмайды. Қайрат, Қайраттың əйелі, шешесі, Баян Есентаева... Шаршадым... Халық бір үңгірге қарай кетіп бара жатқан секілді...


Аягүл Мантай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2996    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.06.2019, 09:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31