Халықты бүйтіп алдауға болмайды!
Жиырма бес жасында депутат болған баланың парақшасына кіріп едім, ойбай, қолдаушылары көп екен! Бір постына 1115 адам лайк басыпты. Кімдер екен десем, қуанышым су сепкендей басылды, көбі желтоқсанның басында тіркелген, бір-екі жаңалықпен бөліскен боттар сияқты. Ұят қой. Қазір, өздері айтпақшы, тағайындалған депутаттардың біразының парақшасында сондай жағдай сыңайлы. Сырт көзге лайк басқандар көп деп көрсетіп, көзбояушылықпен айналысқанша, нақты жұмыс істеген жөн. Боттар қызметінен бас тартса, нақты оқырман, қолдаушы, достардың саны белгілі болады. Халықты бүйтіп алдауға болмайды! Егер халық алдында адал ант беріп, қызмет етіп, сеніміне ие болсаңыздар, елдің өзі-ақ сендерге үлкен Лайк қояды. Тек лайкқа Лайық болыңыздар!