Сен тұр - мен айтайын!

Халықтың сауатты түсінігі қалыптаспайынша, ешқандай карантин көмектеспейді

  • Халықтың сауатты түсінігі қалыптаспайынша, ешқандай карантин көмектеспейді

    Халықтың сауатты түсінігі қалыптаспайынша, ешқандай карантин көмектеспейді

Пандемия мəселесі турасындағы халықтың сауатты түсінігі қалыптаспайынша, ешқандай карантин көмектеспейді. Мың жерден қамап қой мейлі, вирусты - саясат, маска - қытайдың, дəрі-дəрмек фармкомпаниялардың бизнесі деп, білгірсіп көпіруін қоймайды. Бұған қазақтың бейқамдығын қосыңыз. Нəтижесінде бəрібір уланған шыбындай шетінен тырайады.
Не істеу керек? Бар күш пен қаражатты халықты сауаттандыруға жəне сақтық шаралары мен емшараларды нығайтып, дəрі-дəрмектің орынды жұмсалуына жіберу керек. Түпкірде жатқан ауылдардағы зиялы деген контингент маскасы мен перчаткасын киіп алып, үйді-үйді аралап жүріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізсін. Сақтық шараларының қатаң сақталуын қадағаласын. Құлақ аспағандарға қатаң шара қолданылсын. Той-томалақ, ас-су тоқтатылсын. Қайда, ана сайлау кезінде саптай тізілетін мұғалімдер қауымы? Жергілікті билік оларды қалай жегуді біледі. Тіпті жекпеген күннің өзінде олардың өздері-ақ гуманистер емес пе.
Ал, қайтадан барша жұртты үйге қамайтын болса, мемлекет те, халық та қаржылай тапшылыққа ұшырайды.
Əрі-беріден кейін, əркімнің жаны өзіне. Сақтық шараларына мəн бермей ауырып қалғандардың өз обалы өзіне!

facebook.com парақшасынан 

 




Көрілген: 822    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.06.2020, 15:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31