Сен тұр - мен айтайын!

Жалпы біз өзгерту мүмкін емес дүниелерге көп ЭНЕРГИЯ жұмсаймыз

  • Жалпы біз өзгерту мүмкін емес дүниелерге көп ЭНЕРГИЯ жұмсаймыз

    Жалпы біз өзгерту мүмкін емес дүниелерге көп ЭНЕРГИЯ жұмсаймыз

Мүмкін мына оймен келіспессіз. Бірақ біраз жыл осы желіде отырып, мынаған көзім жеткен сыңайлы. Біз өткен тарихымыздағы қасіретті жылдарға жиі қайғырып, болашаққа күнделікті алаңдайтын ұлтпыз (нақты осы желіде отыратындарға қатысты).
Тарихымызда "Кенесары Ресейді жеңгенде ғой", "Алаш арыстарымыз атылмағанда ғой", "Аштықпен бізді қырмағанда ғой" деген сынды қалыпқа келтіру мүмкін емес ойларға жиі ерік беріп, өзімізді жегідей жейміз. Осы тақырыптарда тіпті пікір таластырып, қырылысып та жатамыз. Бұның барлығы да адамның энергиясын алып қояды екен. Кәдімгідей психологиялық, тіпті физикалық тұрғыдан шаршатып тастайды.
Студент кезімде тарихи кітаптарды көп оқыдым. Кейін магистратураны тарих бағытында оқыған сәтте тіпті қолдан келгенше баспен кіріп кеттім. Мені Ашаршылық (геноцид), Алаш Орда мен Шығыс Түркістандағы қазақтардың күресі қызықтырды, әлі де қызықтырады. Былайша айтқанда коммунистердің қылмыстарын оқып, жиі ашуға булығатын едім. Тіпті кейде кешкісін оқып, түні бойы ұйқының тыныш болмайтын сәттері де қайталанатын.
Бұлардан бөлек әлеуметтік желідегі әр пікірге мән беріп қарайтынмын. Біреу қарсы пікір жазып кетсе онымен ой алмасып, бірнеше сағат отыра беретінмін. Пікірдің де жүйкеге салмақ салған сәттері болатын.
Ал қазір, соңғы бір жыл ішінде осылардан ақырындап арылып келемін. Соған тырысып жүрмін. Қанша қайғырсақ та тарихты өзгерту мүмкін емес екен, сондықтан оны жүрекке қатты қабылдамауға тырысамын. Тарихымыздағы тұлғалар мен оқиғаларға құрметпен қараймын. Пікірлерге де дәл солай. Жеке басқа өткендерді соңғы уақытта бандай салатын болыппын. Мүмкін ол дұрыс емес шығар, мүмкін ол пікіртөзімсіздігі болар, бірақ бұрынғыдай салғыласу азайып кетті.
Айтпағым мынау ғой. Жалпы біз өзгерту мүмкін емес дүниелерге көп ЭНЕРГИЯ жұмсаймыз. Өте көп. Тарихты өзгерту мүмкін емес. Дәл сол сияқты Қытайда, Ресейде және өзге елде кеткен территорияларды да жақын уақытта қайтару мүмкін емес. Ендеше оған барлық көңіл-күйіңді салып, кеңірдек керу де түбі тесік шелекпен су тасығандай дүние. Нәтижесіз. Босқа уақытың, жүйкең, күшің мен энергияң кетеді.
Оданда соның бәрін отбасыңа жұмса. Ата-анаңды қуант, балаңды ойнат, тәрбие бер, бірге балыққа бар, отбасылық серуен жаса, саяхатта. Осы бағытқа көшуді жөн деп отырмын.
ПыСы: Тарих жайлы жазба демеймін, жаз. Оқыма демеймін, оқы. Тарихтан сабақ ал. Тек жүйкеңді сақта. Ашуланба. Ол өзгермейді. Энергияңды басқа жаққа жұмса)




Көрілген: 3214    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.08.2021, 09:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31